Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу
Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін жиын төлемі (жеке тұлғадан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерді құрайды (бұдан әрі - АЕК), заңды тұлғадан бес АЕК құрайды) жергілікті бюджетке тіркелу жүзеге асырылатын жерде төленеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттiк қызметті алушы мыналарды ұсынады: 1) куәлікті алу үшін: жазбаша өтініш, оның ішінде көрсетілетін: ипотеканың кепiл берушісінiң аты мен мекен-жайы; ипотеканың кепіл ұстаушысының аты мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер; екi немесе одан да көп шағын көлемдi кемелерге ипотека белгiлеген кезде ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң барынша жоғары мөлшерi; тараптардың бұл туралы келiсiмi болған кезде, мiндеттемемен жеке-жеке әрбiр шағын көлемдi кеме қамтамасыз етілетiн мөлшер; ша…