Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің        2014 жылғы 11 наурыздағы 
№217 қаулысымен       «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік
қызмет стандартына сайкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арқылы және бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;                                                                
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме                                                                         4) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;
5) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
6) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжат;
8) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда – сенімхат.
ХҚКО-ң Байзақ аудандық бөлімінің
инспекторы  Базарбеков Д.А.
 
0
0
354

Осы тақырып бойынша

Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау - Yvision.kz