Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес!»

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету аясында құрылған орталықтар осыған бірден-бір себеп. Орталықтардың түпкілікті міндеті сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу. Жемқорлықты жою үшін – қоғамның, мемлекет  қызметшілерінің қөзқарасын өзгерте отырып, қызмет көрсету саласында мелекеттік қызметтерді мейлінше электронды форматтқа ауыстыру қажет. Бұл кесапат кеселмен күреске халқымыздың қажірлі еңбегі, жаңа технологиялардың мүмкіндігі, қоғамның жаңа көсқарасы қажет деп ойлаймыз.
№3 БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ
Б.РАХИМБЕРДИЕВ
0
0
394

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес!» - Yvision.kz