Қазақстандықтар төлқұжат пен куәлікті кез келген ХҚКО-нан ала алады
Төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін тұрғылықты мекен жайы мен тіркелген жеріне қарамастан, кез келген өңірдегі ХҚКО-ға барып, жаңа құжаттарға өтініш беруге болады. Бұл қызмет азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті жоқ. Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді неке қию,некені бұзу туралы куәліктер бойынша,туғаны туралы акті жазбасына өзгерістер енгізбей ұлттық дәстүр бойынша анықтамалық деректерін ауыстыру туралы,құжат бүлінген, жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп кеткен жағдайларда тұрғылықты және тіркелген мекен жайына қатыссыз, кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жа…


