Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа сапалы қызмет көрсету – біздің міндетіміз!

Елбасымыздың  биылғы жылғы халыққа жолдауына сәйкес, мемлекеттік қызмет түрлері бойынша мәліметтер алуға ыңғайлы, әрі тыныш, байланысжүйелерін қайта құру жұмыстары, азаматтарды құжаттандыруда Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезектер үшін кезекке тұруды Саll-орталығы немесе Интернет жүйесі арқылы брондау жүйесі енгізіліп, халыққа көрсетілетін қызмет түрлері көбейді.

Call-орталығы Республиканың барлық аумағында барлық абоненттер үшін тегін болып табылатын бірыңғай 1414 нөміріне, қазіргі таңда қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу және сөзбұйдалықтың алдын алу  шаралары да  міне, - осы  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолға алынып отырған мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда тұрғындарға  интернет  арқылы үйде отырып та онлайн жүйесінде құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бұл халықты құжатбастылықтан айырып, уақыт тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері, Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының №2 бөлімінде  халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында тұтынушылармен, уәкілетті органдар, НұрОтан ХДП, аудандық  прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, алдын алу және  терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша  дөңгелек  үстелдер, семинарлар ұйымдастырылды.

Аталған тақырыптың өзекті мәселелерін анықтаумен қатар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларының талаптарын сақтау шараларын жүзеге асыру жолында, сонымен қатар лаңкестік және экстремистік жағдайлар орын алған кезде азаматтардың қауіпсіздігін қамсыздандыру, алдын алу, оны болдырмау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша, өзара тығыз ынтымақтастық пен әрекеттестіктің болу мақсатында өткізілді.

Жиналысқа қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен пікір алмасты.

Халыққа  тиімді, әрісапалы  қызмет жүргізу – біздіңбастымақсатымыз!

 

Таразқалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының № 2 бөлім инспекторы

Бекбергенов Р.К

 
0
0
689

Осы тақырып бойынша

Халыққа сапалы қызмет көрсету – біздің міндетіміз! - Yvision.kz