Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Егов – ел игілігіне!

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №2 бөлімінде «Егов – ел игілігінде» атты акция өтті. Акцияның негізгі міндеті халыққа «Электрондық Үкімет» веб-порталын кеңінен насихаттау және Электрондық Үкімет порталын қолданудағы пайдасы мен қазіргі таңдағы ұтымды тұстарын көрсету. Қазіргі таңда электронды құжат айналымы даму үстінде, осыған орай халық өзіне керекті мағлұматты және мемлекеттік қызметті алу үшін веб-порталға жүгінуіне тура келеді. Осы орайда қарапайым халыққа қолжетімді болуы үшін және сауаттылын ашу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Connection point» яғни өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ашылып, ауқымды түрде қызмет көрсетуде.
Веб-портал арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез-келген уақытында, еліміздің, әлемнің кез-келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады. Порталдың басымдылықтары уақыт үнемдеу, кезектің болмауы, мемлекеттік деректер базасына сұранымдар жасау есебінен қажетті құжаттар санының азаюы барлық қызметтер онлайн яғни кез-келген уақытта қолжетімді.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл
облысы бойынша филиалының
Тараз қалалық №2 бөлімінің басшысы
Г.Е.Демесинова
0
0
461

Осы тақырып бойынша

Егов – ел игілігіне! - Yvision.kz