ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрі
Аталған қызмет кеңес беру, құжаттар жинау, құжаттарды дайындайтын уәкілетті мемлекеттік органдарға, түрлі меншік түрлерінің ұйымдарына жүгіну, ХҚКО-на өтініштер беру және қажет болған жағдайда клиент көрсеткен мекенжай бойынша жеткізе отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну жөніндегі қызмет дегенді білдіреді. Тапсырыс беруші мен орындаушы арасында тиісті шарт жасалады. Көрсетілетін қызметтің алушылары жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Қызмет Орындаушының ғимаратында, қажет болған жағдайда тапсырыс берушіге, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға бара отырып көрсетіледі. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нәтижесі қажет болған жағдайда клиент көрсеткен мекенжай бойынша жеткізе отырып, тапсырыс берушіге, дайын құжатты беру болып табылады.
ХҚКО қызметтер көрсету кезінде өз қызметін мына қағидаларға сүйене отырып жүзеге асырады: шарт талаптарын орындау кезіндегі заңдылық, адамның конституциялық құқықтарының сақталуы, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметті алушының толық хабардар болуын қамтамасыз ету, құжаттардың сақталуы.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №2 бөлімінің инспекторы А.Апбозова
