Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Электорндық үкімет веб-порталы туралы

Бүгінгі күні жаңа ақпараттық технологияның дамуына байланысты, мемлекеттік басқару аясында халықтың еркін ақпарат алуын қамтамасыз ету - қазіргі заманның талабы. Қазақстан Респуб­лика­сының Электрондық үкі­меті порталын қолдануды үйре­туге арналған оқыту бағ­дар­ламасын іске қосты. Электрондық үкімет туралы мәлімет беріп, портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мен қолдану тәртіптерін және электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу жолдарын үйретеді.
Электронды қызмет көрсету үрдісі Үкімет пен халықтың, мемлекет пен арыз берушінің арасындағы байланыста жекелеген адамдардың қаты­суын барынша шектеп, сол арқылы жем­қорлық пен қағазбастылықтан құтқара­тынын жиі айтып келеді, қазір қазақстандықтар да компьютер мен ғалам­тордың тұрақты пайдаланушыларына айналуда. Қоғамның технологиялық дамуы мемлекеттік билік органдарына да әсер ететіні анық. Осы орайда соңғы он жылда әлемде электронды үкімет деген ұғым пайда болды. Электронды үкімет дегеніміз биліктегі кәдімгі үкіметке оппозиция болатын базбір құры­лым емес, ол мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функ­ция­лардың электронды түрі. Электронды үкімет шы­найы көрініс бергендегі артықшылықтар: үнем­ді түр­де әкімшілік басқаруды жүзеге асырады, қоғам мен Үкімет арасындағы қарым-қаты­насты тү­бегейлі өзгертеді, биліктің халық алдын­дағы жа­уап­кершілігі артып, демо­кратия жетіле тү­седі. 
Расында, қазіргі қоғам жеңіл, жедел әрі ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым-қатынас жасайтын ақпараттық дә­уір­ге әлдеқашан өтіп кетті. Тұрғындар кез келген мәселе үшін ауыл мен қаланың орталығына сабылмай, коммуналды тө­лемдерді, оның ішінде жарық пен газ, телебайланыс ақысымен есептесу, жылжымалы және жылжымайтын мүлік салық­тарын төлеу операциясын электронды түрде жүзеге асырып, зейнет­ақы есептері, некені тіркеу операцияларын үйде отырып-ақ атқара беретін болды. 
Қоғам назарын Қазақстан электронды үкіметті дамытуға аудару, азамат­тардың е-қызметтерді пайдалануға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар, ха­лықты электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндіктері туралы ақпа­раттандыру қажет.
Азаматтар үшін ай­тарлықтай шығын және мемлекеттік органдар үшін де ауыр салмақ. Электронды үкімет қағаз арқылы құжат алмасуды барынша қысқартуға алып келеді және электронды қызметтердің көп бөлігін біртіндеп электронды форматқа аударуға болады. Қазіргі таңда қызметтерді электронды үкімет порталы, электронды үкімет төлем шлюзі арқылы төлеуді іске асыру мәселелері бойынша екінші деңгейлі банктермен белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар баж салығын төлеуге байланысты төлем терминалдары операторларымен, кедендік бақылау комитетімен белсенді жұмыс жүргізуде.
Яғни күн өткен са­йын еселеп өсуде.Электрондық үкіметтің көмегімен, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу; теміржол немесе әуе билеттерін брондау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік төлемдер, төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлемдер, мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу, Халыққа қызмет көрсету орталығына электорндық кезекті брондау,  «ХҚКО» ЫАЖ арқылы көрсетілетін қызметтерді  мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде алуға болады.
 
1
0
2034

Осы тақырып бойынша

Электорндық үкімет веб-порталы туралы - Yvision.kz