Мазмұнға өту
bk

Бақытжан Күшібарұлы

@bk

Сайтта 2012 ж. 24 ақпанКазахстан, Алматы

Адами және ұстаздық ақиқатымды іздеймін

рейтинг

100

жазбалар

48

пікірлер

36

тіркелуші

15

жазылымдар

7

E-learning бізге де келіп қалды!

Жаңалыққа жаны құмар мен үшін бұл өте қуанышты хабар!Осы өңірде алғашқылардың қатарында "Электрондық оқу" жүйесіне енеміз. Сызбалары сызылды, құжаттары бекіді, енді жақын арада құны миллиондар тұратын ең жаңа ақпараттық-компьютерлік құрылғылар келе бастайды. Бүкіл мектептің біртұтас ақпараттық жүйесі орнатылып, ол өз кезегінде бүкілқазақстандық электрондық оқу жүйесіне қосылады! Бұл... фантастика.Ең заманауи техниканы айтыңыз - аса жоғары жылдамдықты локалдық желі, интернет, оларға қалаған жерден қосылатын сансыз Wi-Fi нүктелері, ең заманауи сервер, мультимедиалық сандық подиум - ең заманауи видео-аудио-студия, интерактив тақта, қуатты проектор, мультимедиалық-лингафондық ноутбуктер сыныбы, әрбір сыныпта, директордан бастап әрбір мұғалімнің, қызметкердің алдында жеке компьютер, электронды…

1
1
561

Соғылды соңғы қоңырау! Енді - ҰБТ!

Мұғалімнің өмірі оқу жылдарымен өлшенеді. Ия, тағы бір оқу жылын тауыстық. Соңғы қоңырау соғылды. Бірақ бүгіннен-ақ "өткен жылды қалай және неге жұмсадым?" деген өзіме-өзім есеп беру әдетім миымды шағып барады. Сонымен қоса алдағы өмірге деген жауапкершілік те қабаттаса қалқып кеп тұр. Менің сондай, алдыңғы күнді аңсап тұратын "ауыруым" бар енді. Ал алда ең алдымен төбесі көрініп тұрған - ҰБТ! Мемлекеттік маңызға ие ауқымды уақиға келіп қалды. Оның менің жеке басыма тікелей қатысы жоқ секілді, мен оған қатыспаймын да, жоламаймын да. Бірақ... қатысы бар. ҰБТ-ның бәрімізге қатысы бар екенін мен сізге қартайған ұстаз ретінде айтамын. Сонымен... ҰБТ-2012 туралы алғашқы да, соңғы да қоңырау емес бұл мақала! ҰБТ - бүкілхалықтық есуастану бейнесәті(БІЛІМДІ ҚОРҒАУ СӨЗІМ) ҰБТ сахнасының қатынасушы…

1
2
1234

«Электрондық оқу» жүйесінің мақсаты мен құрылымы

«Электрондық оқу» жүйесінің о бастан мақсаты: Мектеп, колледж, университеттерге тікелей барып, оқытушының алдында отырып оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар қашықтан интернет арқылы онлайн немесе электрондық поштамен оқуы. Оқу процесінің оқытушы мен оқушының кеңістіктегі орнына теуелсіз болуы, яғни қашан және қай жерде оқимыз деген мәселенің болмауы. Қалаған жерде және ыңғайлы мезгілде оқы. Білім беру процесін біртұтас электрондық жүйеде тиімді басқару. Оқытушының, оқу орнының барынша кең, дүниежүзілік аудиторияға шығуы. Оқушының оқу мүмкіндіктерін таңдау құқының барынша жоғары жүзеге асырылуы. Оқу процесінің бизнестік деңгейі мен құнының күрт артуы. Жалпы, дүниежүзілік деңгейде «Электрондық оқу» жүйесі осы өз мақсаттарына әлдеқашан жетті десек қателеспеймін. Көптеген дамыған елдерде бұл жүйе ме…

0
2
2343

Тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесіндегі оқушы тұлғасы

Қазіргі қоғам оқушы тұлғасының қандай болуын талап етеді? Қазіргі күрделі қоғамдық қарым-қатынастарда өзінің дұрыс жолын тауып, өздігінен өмір сүре алуы, Өз ой-пікірінің болуы, оны қорғап, жүзеге асыра алуы, Өздігінен қажетті білім алып, кәсіп таңдауды жоспарлы түрде жүзеге асыруы, Жалпы қоғамға пайдалы азаматтық позициясының болуы. Біздің қазіргі балаларымыз қандай? Жалпы, баланың жан дүниесі қазір үшке жарылуға мәжбүр. Отбасы – көше – мектеп. Өйткені бұл үш ортаның ара-қатынасы қазір негізінен қиын жағдайда. Бұл үшемдік ауылда да айқын, бірақ әсіресе қала баласына өте ауыр салмақ салуда. Мұнда – бар өркениет. Үшемнің өзегінде, тап ортасында – көше. Оны өмір немесе нақ әлгі өркениетіміз деп түсініңіз. Көшеде бәрі бар, бәрін көреді, есітеді, істейді. Жақсы нәрсе де, жаманы да. Оның балаға…

0
0
3756

Фейсбуктегі таңғы пікір

Ұлы Әл-Фараби ғұламаның “Ақиқаттың дәлелдемесі” ,

“Доказательство Истины” деген атағы болған емес пе.

Осының мағынасына терең көз жүгіртейікші.

Бұл атақ тек данышпандардың үлесінде емес сияқты.

Дүние жақсарсын десек, алдымен әркім өзі “Ақиқаттың дәлелі” болуы қажет-ау.

Күнделікті тірішіліктің әрбір сәтінде әрбіріміз

жақсы іспен,

жақсы ниетпен,

жақсы сөзбен көрінсек,

сонда ғана жақсылықтың “Ақиқат бар екеніне” сенуге болады.

Жас ұрпақтың болашаққа сенуіне болады.

Ал ішіміз де, сыртымыз да “ыбырсық төгіліген” сасық сай болса, жақсылық туралы айтпай-ақ қойыңдар…

0
9
516

"Электрондық оқыту" деген не? (жалғасы)

Ал ескі білім беру жүйесіне біздің балаларымыз симай жүр. Сиюы мүмкін де емес. Олар жаңа заманның ұрпағы. Міне, осы тұста білім беру жүйесіне уақыт жол сілтеді. Ол – электрондық оқыту жүйесі. Ендігі осы әңгіменің жалғасы -Тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесіндегі мұғалім тұлғасыӘрине, мұның бәрі менің жеке түсінігім екенін естен шығармағайсыз.Тұлғалық-бағдарлы оқыту үшін алдымен мұғалімнің өзі заманға сай өзгеруі тиіс. Тұлғалық деңгейге өсуі оның кәсіби құзыреттілігінің алғы шарты болады. Әйтпесе... ол «істей» береді, бірақ оқушы оны мой-ын-да-май-ды! Мүмкін, қазіргі мұғалім қауымының басым бөлігінің ең бірінші осал тұсы осы – тұлғалық ұсақтық деп сеніммен айта аламын. Бұл мұғалімнің –Тұғырлы заманауи дүниетанымының жоқтығы немесе ескірген дүниетанымы;Шынайы өмірді білмеуі, оған бейімсіздігі, о…

0
9
1726

«Электрондық оқыту» деген не?

«Электрондық оқу деген не, білесіз бе?» деген сауалнамаға мұғалімдердің көпшілігі «ия, білемін» деп сеніммен жауап береді. Ал сол туралы әңгімелесе бастасаң, шорқақтап, сөзінің артын жұтып жібереді. Білгеніңді ортаға сал десең де үнсіздік. Кейбірі «электрондық оқулық» туралы айтады. Кейбірі «интернеттен беріп жатқан интерактив сабақтар ма?» деп өзімнен қайта сұрайды. Міне, «электрондық оқу» туралы біліміміз осындай болып тұр. Сондықтан осы бір біз үшін жаңа ұғымның ақиқат мәнісін ашып көрсеткім келді. Оны мен қайдан білемін? Жауабым біреу-ақ – үздіксіз ізденіс, ақпарат жинау, талдау, үйрену. Және... көп жылдық ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен іс-тәжірибе. Сонымен Жаңа білім беру парадигмасы Гугл ма, Яндекс пе, басқасы ма, әйтеуір іздеу жолына «заманауи білім беру парадигмалары»…

1
0
5076

Махаббаттан... қорықтым

Жігіт-қыздың арасындағы шынайы махаббат сезімі туралы қазақ эпос жырларын, үнді киноларын, "1001 түн" ертегілерін және дүниежүзілік ақын-жазушылардың шығармаларын оқып-көріп өстік. Қазірдің өзінде махаббат сезімін шынайы жеткізе білетін киноларды көріп отырып, қатты әсерленіп, көзіме жас алатын сәттерім де болады. Олардың уақиғасы емес, сезімнің тереңдігі мен тазалығы әсер етеді. Ол менің әлі де тірі жан екенімнің бір бұлтартпас белгісі шығар. Ал жастық шақта махаббат туралы толғануымыз да табиғи еді. Әркім-ақ өз жұбын жазбай тапқысы, әлемдегі ең күшті де адал махаббатты сезінгісі келеді. *** Мен бірақ... шын махаббаттан қорықтым. Жастайымнан ойшылдау болғаннан ба, сол кездерде-ақ бұл туралы оқыған-тоқығанымды қорытындылап, "махаббаттың алаулап тұрған от екенін, күйдіріп-жандырып жіберуі…

1
0
1091

Парақордың жан дүниесіне көзқарас

2008 жылы "Сарыағаш" газетінде басылды Парақор – қазіргі біздің мемлекетте ең «атақты» да «жұмбақ» тұлға болып тұр. Мұны Елбасыдан бастап, бүкіл ел толық мойындады. Онымен ымырасыз күрес жарияланды. Күтпеген тұстан күтпеген тұлғалар пара алу кезінде ҰҚК қызметкерлерінің құрығына түсуде. Жазалануда. Бірақ...одан көңілде қуаныш жоқ. Өйткені ұсталған парақор ең соңғысы емес, ең соңғы болуы мүмкін де емес екенін бәріміздің ішіміз сезеді. Оған қоса, парақор бөтен емес, өз ішімізден өсіп -жетіліп, қалыптасып, орнығуда, парасын алуда. Оған әбден үйреніп, «етіміз өліп» қалғаны соншалықты, оған параны алдымен өзіміз қыстыруға бейім тұрамыз, «маған жақсылық істеді» деп рақымет айтамыз, арам қолын қос қолдап қысамыз. Әрі-беріден кейін одан...қорқамыз. Өйткені парақор қызметкердің қаншалықты арамза,…

0
1
1136

Парақорлар елінің тағдыры (Психологиялық болжам)

10.2009 "Сарыағаш" газетінде басылған Ақыл тезіне салып, парасаттың пышағымен туралап, бір қоғамдық мәселені талдап көрейікші. Мәселе мынадай делік – Бір жаңадан қалыптасқан Ел бар екен. Сол елдің қызметкер шенеуініктеріне кенеттен пара алу деген індет жабысыпты. Ол біртіндеп халқына жұғып, жайыла бастапты. Осы халықтың болашақ тағдыры қандай болуы және қанша уақыт жасауы мүмкін? Бір шама-шарқымызша ақылға салып, болжап байқайықшы. Бұл дүниеде адам түсіне алмайтын құбылыс жоқ сияқты еді ғой. Пара дегеніңіз Эйнштейннің теориясынан немесе Аристотельдің философиясынан да шытырман болыпты ма?.. (Пенденің «бәрін білсем, түсінсем» деген астамшылығын кешіріңіз, ниеті ақ қой – түсіну дегеннің өзі жақсылық емес пе). Ең алдымен, «Пара деген не? Ол неге зиян?» - деген сұрақтарға жауап беріп көрелікш…

1
5
1186