место в рейтинге
  • 81914
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Орта білім беру жүйесі туралы кейбір жеке ойлар

Республикалық «Талапкер» газетінің 2008 жылғы 3-санында жарияланды.

 

Мен отыз жылдан астам ауыл мұғалімімін. Сондықтан орта мектептің өткені мен кейінгі хал-ахуалын салыстырып, жақсы-жаманын айта аламын. Ұсақ әңгімеге кетпей, сөзді түйіндеп жеткізуге тырысайын.

Ең бірінші талассыз ақиқат – тәуелсіздік орнағалы бері жалпы білім саласын заманға сай етіп реформалауға деген мемлекеттік ынта өте жоғары. Өйткені ғаламдық интеграция процесінде білімге халықаралық талап өте жоғары.

Екінші ақиқат – сол реформалар негізінен жоғары білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасауда. Кредиттік жүйе, жаңаша бағалау жүйелері, жаңа оқу бағыттары сияқты халықаралық оқу әдістемелері мен технологиялары енгізілуде.

Орта білім жүйесіндегі реформа негізінен жаңа ақпараттық технологияларды оқу процессіне біртіндеп, сыналап енгізумен ғана шектелуде. Бұл бағытта, әрине, айтарлықтай шаралар іске асырылуда.

Одан басқа, дарынды балалар үшін арнайы гимназия, лицей, дарын мектептерінің ашылуын атап айтуға тұрады.

Ал енді орта білім беру жүйесінің ескі түп негізі, меніңше, тапжылмай әлі тұр. Мен осы пікірімді дәлелдеп көрейін.

Ең бірінші, жалпы білім беру жүйесінің о бастағы мақсаты елді жаппай сауаттандыру еді. Дәл қазір сол мақсатты өзгертіп, жалпы жүйені дарынды балаларға қызмет етуге бұру идеясы қойылған. Бірақ іс жүзінде орта білім ошағы – орта мектеп бәз-баяғы қалпында. Орта білім беру жүйесінің ескі тамыры тереңде:

  1. Балаларды жаппай жинап алып, қабілет-қасиеттеріне емес, жасына қарай топтап оқыту. Оқу бағдарламасы барлығына бірдей. Топ орташа оқиды,ал дарынды балаға оқуда да, мінезде де жеке бап қажет. Жеке бапкер қажет.
  2. Орта мектепте «орта білімді» мұғалімдердің көп болуы. Мұғалімдерді біліміне қарай іріктеудің тиімді механизмінің жоқтығы – білімді мен білімсіз ешбір кедергісіз бірдей айлық алуы мүмкін, тіпті білімсіздің көбірек айлық алып кетуі де түк емес. Өйткені білім бағаланбайды, сағат бағаланады.
  3. Мектепке «балабақша» сияқты көзқарастың қалыптасуы. Оның бір белгісі - әйел мұғалімдердің ер мұғалімдермен салыстырғанда шектен тыс көбеюі. Менің әйел-қыздардың мұғалімдігіне еш қарсылығым жоқ, тек жігіт мұғалімдердің аздығын және солардың өзінің көбіне жігерсіздігін айтамын. Мұғалім қауымы дүниетанымының осы «балабақша» шеңберіне қарай тарылуы.
  4. Орта мектептің ескі құрылымы – қатаң сағаттық жүйе. Еңбекақы шығармашылық еңбек пен оның нәтижелеріне емес, қара жұмыс сияқты сағатқа төленеді. Сондықтан мұғалімнің нағыз шығармашылыққа құлқы да жоқ, не ол зиян. Ол кәдімгі қағазбасты бюрократқа айналады. Одан бюрократ басшылар өсіп шығады. Мысал – тек оқулыққа не қағазға сүйеніп (бастағы білім, бойдағы ақыл-парасат пен мәдениетке сүйену керек емес пе!) сабақ өтетін білімсіз, мәдениетсіз, жолдан қосылған мұғалімдердің, бюрократ және автократ мектеп басшыларының көбеюі. Білім саласында бюрократия бұлжымай тұр.
  5. Педагогикалық жоғары оқу орындарында орта білім саласына бұрынғыдай тек мұғалімдер (оларға тек психологтар қосылды) дайындалады.

Міне, менің мектеп өмірінен түйген түйіндерім. Бұл жаңалық емес, бүкіл жамағатқа белгілі фактілер. Осы, меніңше, әлі шешілмеген мәселелерге мына тұстан келген дұрыс секілді:

  1. Мектепте психологиялық талдау, сараптау қызметін жүйелі түрде барынша жолға қойып, негізге алу керек.Бірінші сыныптан-ақ әрбір оқушының салиқалы ғылыми психологиялық мінездемесі болуы тиіс.Онда баланың нақты зерттеулермен болжанған қабілеттері, икемі мен бейімі, мінез-құлық пен денсаулық ерекшеліктері, ынта-жігері, отбасының менталитеті барынша толық сипатталған. Сыныптар осы психологиялық мінездеме негізінде топтастырылуы және оқу-тәрбие жұмысы жүргізілуі тиіс. Сыныпта бір не бірнеше оқушы ғана болуы да мүмкін. Мысалы, өте дарынды және еңбекқор бірнеше бала айрықша категориялы жеке сыныпта оқуы керек. Бұл жағдайда бір сыныптағы оқушылардың 1-2-3 жас айырмашылығы болуы да мүмкін, бірақ олар психологиялық жағынан сәйкес.
  2. Жоғары оқу орындарында мұғалімдер дайындағанда психологияны тереңірек оқыту. Мектепке психология менеджерлерін дайындау. Әрбір мұғалімнің де толық ғылыми кәсіби-психологиялық мінездеме-картасы жасалуы тиіс. Әрбір мұғалім өзінің психологиялық мінездемесіне және кәсіби-білім деңгейіне сәйкес келетін сыныптарға сабақ береді. Кейбір мұғалім тіпті бір ғана дарынды баламен шұғылдануы да мүмкін, бірақ оның еңбекақысы бала санына емес,шығармашылық еңбегіне және нәтижесіне сай төленеді. Оқушылардың да, мұғалімдердің де психологиялық карталары үздіксіз зерттеліп, коррекция жасалады және күнделікті оларды басқару-ұйымдастыру ісіне бірден-бір түпкі негіз болады.
  3. Пәндер мен сыныптарды мұғалімдер арасында конкурс арқылы бөлу. Сағат емес, сапа талап ету. Мұғалімге еңбекақыны сағатына емес, білім-тәрбие сапасына төлеу механизмдерін енгізу. Шығармашылық еңбектің бағасы қазіргіден әлдеқайда жоғары екенін ескеру. Сыныптарды 1,2... деп нөмірлемей, оны оқытатын мұғалімнің атымен атау– «Бақытжан Күшібарұлының сыныбы», «Сатемирова Алмагүлдің сыныбы». Сыныптарға мұғалімі мен оқушыларына сай квалификация беру – жоғары,орта, төмен немесе арнайы сынып. Оқушы төмен санатты сыныптан жоғары санатты сыныпқа конкурспен өте алады.
  4. Жоғары оқу орындарында мектеп қызметкерлерін арнайы дайындау – білім саласының менеджерлері, эксперттері, экономистері, бухгалтерлері, юристері, маркетологтары, инженерлері, мәдени ұйымдастырушылары, аудиторлары және т.б. Мектептерді осындай арнайы мамандар басқарып, өте динамикалық, заманға сай адам ресурстарын дайындайтын қуатты құрылымға айналдыру қажет. Сонда ғана мектеп өзінің қазіргі «балабақша» кейпін өзгертіп, жігерлі де қуатты кәсіби фирмаға айналады.
  5. Мектептің біртұтас ақпараттық жүйесін құру – орталық деректер қоры, мектеп жұмысын басқарудың электрондық жан-жақты бақылау-өлшеуіш критерийлері, кешенді тестік жүйесі, құжат стандарттары.
  6. Күшті білім менджменті мен маркетингі. Іскер де нақты стратегия.

Бұл айтылған қысқа тұжырымдардың артында қаншама көп тірлік, терең де жан-жақты ойлап-талдауды қажет ететін өткір мәселелер жасырынып тұр. Сондықтан да менің ұсыныстарымды біртұтас концептуалды жоба деп қарастырған дұрыс шығар. Инновациялық «ЖАҢА МЕКТЕП» концептуалды жобасы. Ол ой тастап, бағыт сілтейді. Мүмкін бұл жаңа мектеп технологиясын қалыптастырады. Оның тұла бойы тұтас замануи технологиялар мен мамандардан тұрады. Бұл тіптен басқа сападағы мектеп болары анық. Менің арманым - осындай, өте жігерлі де қуатты, іскер де ірі мінезді қазақ мектебінде қызмет ету. Мұны біз қазіргі бизнес саласынан үйреніп, қабылдауымыз керек сияқты. Мүмкін, тіпті, мектептің адам ресурстарын жасайтын бизнес көзі болуының тек пайдасы болмаса, зияны жоқ-ау. Тек «шаш ал десе, бас алуға» жібермейтін заңнамалары сайлы болса.

Менің пікірім алғашқы сәттерде оғаштау көрінуі мүмкін. Бірақ ой тезіне салып, сабырмен салмақтап байқағанда, пікір өмірдің өз ағымы мен талабынан туындағанын, оның өз мезгілінде айтылғанын тез-ақ түсінуге болады. Мен ұсынып отырған «ЖАҢА МЕКТЕП» қазіргі қоғамда сиреп кеткен және ең үлкен сұранысқа ие ІРІ ТҰЛҒАЛАРДЫ өсіреді, олардың әрқайсысының болашақта өз қабілет-қарымына сай бағаланып, орнын табуына күш салады. Мұны «адам ресурстарын дайындаудың кластерлік жүйесі» десе жарасады. Бизнесмен болмасам да, бұл өте күрделі, бірақ ең қызық та пайдалы бизнеске айналарын біліп тұрмын. «Бизнес» деп біреулерді байыту ниетім жоқ. Білімге бизнестің өміршеңдігі, бизнеске білімнің алтыннан қымбат бағасы керек. Шешім – екеуін кіріктіру. Екі қоғамдық локомотивті бір арбаға жегу.

Ал енді сол «ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ» құрылымын жобалап көрелік:

ХХІ ғасыр мектебі

Бұл жүйенің толық компьютерлік моделін жасап, базалық технологиялық стандарт түрінде қолданысқа ұсыну керек.

 


 
13 марта 2012, 4:51
7572

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Ассаламу ғалейкум ағасы!

Ұсынылған ақпаратты қызыға оқып шықтым! Еңбегіңізге рахмет! Менің де арманым бар: қазақтың білім дәрежесін асырғым келеді. Шындығында біздегі білім деңгейі қуанарлық емес...

Бірақ, мынандай ескертпелерім бар:
1. тым қатал жүйе. егер сіз ойлағандай бәрін кішкентай кезінен бөліп жаратын болса, кішкене кезден-ақ "жанбай жатып, сөнгендер" болатыны анық байқалады. Мұндай жеңіліс жас жеткіншектерге психологиялық тұрғыдан өте қиынға соғары анық!
2. егер дарынды балалардың саны аз болған жағдайда, бұл мектептің ешкімге пайдасы жоқ! сондықтан қазіргі нарық заманында бұл мектепті қабылдау тиімсіз көрінеді.
3. мұғалімді бағалау критерийлері қарастырылмаған, қандай критерийлер арқылы бағалаймыз? қалайша жалақысын сыныпта 1 баламен жұмыс істегені үшін 30 баламен жұмыс істегенмен бірдей ақша алады? мұндай тәсіл кім үшін тиімді?! 1 балаға тиімді, 1 мұғалімге тиімді, ал басқасына ше, 30 адам боп 1 ұстаздан алғандарға ше? меніңше бұл жерден қате кеткен.
4. психоталдаудың дәлдігіне кім кепіл, баланың тағдырын қай ата-ана психоталдауға тапсырып қарап отырады?! бай отбасылар бар, кедей отбасылар бар... әділетсіздікке жол ашылу қаупі көрінеді.

Және мынандай ұсыныстарым бар:
1 Жалпы сіздің айтып отырғаныңыз ол мектептердің барлығын жеке меншік қылу дегенге келіп тұр. Егер жеке мектеп болса, сондай мектеп мұғалім ретінде сізге тиімді. жеке мектепте жалақыны мектеп бастығы өзі тағайндайды, мұғалімнің біліміне, оқушылардың көрсеткен жетістіктеріне қарай. сонда мынандай жағдай орын алады:
1. жеке мектеп болғандықтан, оның директорына конкурентті болу маңызды болады. сондықтан ол мектептің имеджін түсірмеу үшін ол мектепдің дамуын қолға алады.
2. мұндай мектепте мектептің дамуына үлесін қоса алған мұғалім жалақысына қосымша ақы талап етуіне мүмкіндік бар. Ал директор ондай дәрежесі жоғары мұғалімді жоғалтпау үшін, талабын қанағаттандыруға тырысатын болады.
3. мұндай мектепте дарынымен байқалған бала да, өзіне скидкалар талап етуіне болады. себебі ол да мектеп имеджіне әсерін тигізеді.
4. мұндай мектепте білім бағалы болады, себебі мектеп деңгейін түсіретін оқушыларды, мектептің имеджін сақтау үшін оқудан шығарады. сондықтан оқушылар өзі үшін оқиды. және де оқу ақылы болса, кеткен ақшаның құнын ақтау үшін де оқушы оқуын оқуға мүдделі болады.
5. оқушыларға мұғалімді таңдау мүмкіндігін беру керек, осылай болса, білімі жоғары мұғалімдер бағаланып, таңдалатын болады, сәйкесінше сағаты да көп болады, жалақысы да көп болады.

өз басым біздің оқу жүйесіне кейбір наразылықтарым болғанымен, негізінен қатты қарсы емеспін. мемлекеттен көп жағдай жасалып жатыр. жүйенің әлсіздігінен бекер кететіні бар шығар. сонда да қазіргі кезде аудармалы өзгерістің қажеті аз секілді.
bk
0
0
Пікіріңізге рақмет.
Бір-екі сөзбен бәрін бір-ақ шешіп тастасам, мен әулие болар едім. Әрине, менікі де жеке пікір. Бірақ өмір бойы ішінде жүрген соң жанымыз қаттырақ ауырып шыққан сөз.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3825
  • 58
До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
сегодня / 18:27
  • 3126
  • 5
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
вчера / 10:18
  • 2895
  • 11
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2858
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2382
  • 19
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
сегодня / 12:15
  • 2307
  • 78
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1896
  • 4
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
вчера / 15:19
  • 1809
  • 18
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1913
  • 41