Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

«ҚАЗАҚСТАН БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА» атты дебаттық турнир өткізілді

2018 жылың 13 қарашада Жәңгір хан атындағы БҚАТУ базасында «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбында дебаттық турнир өткізілді.

Шараға мемлекеттік қызметшілер, студенттер, облыстың дебаттық командалары және жастар қатысты.

Шараның мақсаты мемлекеттік аппарат кадрлерін тиімді қолдану мен іріктеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет кадрлерін басқарудың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруды ыңталандыру, мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күресті кеңейту, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін арттыруды болып табылады.

0
0
453

«Ашық әкімдік» жобасы

2018 жылдың 10 қараша күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ашық әкімдік» жобасы аясында шара өткізілді.

Аталған шарада мемлекеттік қызметке кіру тәтібі кеңінен түсіндірілді.

Бұл шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі қатысты.

2
0
295

«Жемқорлықсыз ел – дені сау ел» атты акция өткізілді

2018 жылдың 08 қарашада халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлықсыз ел – дені сау ел» атты акция өткізілді.Акцияға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілдері, №2 қалалық емхана әкімшілігі, «ЖасОтан» жастар қанатының белсенді жастары қатысты.Шара барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен шарттарды жою, сыбайлас жемқорлықтың болу себептері мен тигізетін әсерлері туралы, сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі туралы ақпараттар берілді.Сонымен қатар,…

1
0
323

Жаңа формциядағы басшыларды дайындау мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті

2018 жылдың 7 қараша күні облыс әкімдігінде облыстық басқармалардың бірінші басшыларына және аудан әкімдеріне мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігін арттыру мен жаңа формциядағы басшыларды дайындау мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті. Семинарда жеке дағдылар мен іскерлік жетілдірулер, сонымен қатар, мемлекеттік органдарда басқару жобаларын енгізу мен цифрландыру мәселелері талқыланды.Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М. Нұртазин, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ж. Даухарин, құқық ғылымы кандидаты Б. Чингаева, Ұлттық талдау және сертификаттау орталығының облыстық филиалының…

1
0
367

Жер мәселелері жөнінде семинар

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!!!Елбасы өзінің 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына Жолдауында жер қатынастарына қатысты процедуралардың артық бюрократизацияланғандығын көрсетті.Сондай-ақ, Жолдауда азаматтар мен бизнестің осы саладағы ақпаратқа толық қол жеткізбеуі және ашықтығының болмауы мәселесі де атап өтілді.Осыған байланысты, Орал қаласындасыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін аталған себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін республиканың барлық өңірлерінде жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді. Дәріскер ретінде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері…

0
0
580

Назар аударыңыз, байқау! Жылдың үздік жасырын сатып алушысы!

Назар аударыңыз, байқау! Жылдың үздік жасырын сатып алушысы!Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілетін – «Жылдың үздік жасырын сатып алушысы» атты байқауға қатысуға шақырамыз.Байқау 2018 жылдың 5-25 қараша аралығында өткізіледі.Байқаудың мақсаты – әкімшілік кедергілерді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін, қызмет көрсетушілердің Этикалық кодексті сақтамауын, қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайдың жоқтығын анықтау.Байқауға қатысу үшін талап етіледі:1. Байқауға қатысуға өтінім.Оны «Үздік жасырын сатып алушы» хатының тақырыбымен [email protected] мекен-жайына жіберу керек.2. Байқауға Батыс Қазақстан облысында…

1
0
590

«Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі»

2018 жылдың 5 қарашасында Батыс Қазақстан жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.Семинарға облыстағы колледждердің директорлары мен орынбасарлары қатынасты.Шараны ұйымдастырушылар – БҚО білім басқармасы, БҚО ішкі саясат басқармасы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин семинарға қатысушыларға «Саналы ұрпақ» жобасын таныстырып, академиялық адалдықты қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.Семинар барысында физика-математика бағытындағы Наза…

1
0
528

Арнайы мониторинг тобының жұмысы өз нәтижелерін беруде

2018 жылғы 29 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаментінде республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, қоғам белсендісіА.Т.Менкеев,облыстық мониторингтік тобы мүшелерінің, БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, шекара қызметі мен «Атамекен» ҰКП басшылығымен өткен жиналыста «Сырым» шекара бекетінде туындаған үлкен көлемде жүк тасымалдаушы автокөліктердің кідіруі туралы мәселелер талқыланды.

Бүгінгі күні «Сырым» өткізу бекетінде Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорт бақылау пункты алынды және шекарадағы кептеліс шешілді.

http://zhaikpress.kz/kk/news/shekarada-keptelis-zhok

0
0
361

А.Манкеев Орал қалалық №3 жалпы білім беретін орта мектебінде болды

2018 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі А.Манкеев, Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш Орал қалалық №3 жалпы білім беретін орта мектепке барды.

Мектепті аралау кезінде аталған мектептің жөндеу жұмыстарына және екінші қабаттан судың ағуына ескертулер айтылды. Сонымен қатар, А.Манкеев мектепті компьютерлік сыныптар мен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойыншы ұсынысын білдірді. Мектепке мониторинг жасау жалғасатын болады.

1
0
432

Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі А.Манкеев жылжымалы транспорттық бақылау бекетінде

2018 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі А.Манкеев, Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш және облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшесі М.Мұқашев республикалық Самара-Шымкент тас жолы бағытындағы жылжымалы транспорттық бақылау бекетіне барды.

Жылжымалы бақылау бекетіне мониторинг жүргізу кезінде А.Манкеев облыс аймағында орналасқан республикалық тас жолдарға бағытталған жылжымалы транспорттық бақылау бекеттерінің санын көбейту жөнінде ұсыныс білдірді.

1
0
363