А.Манкеев Орал қалалық №3 жалпы білім беретін орта мектебінде болды
2018 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі А.Манкеев, Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш Орал қалалық №3 жалпы білім беретін орта мектепке барды.
Мектепті аралау кезінде аталған мектептің жөндеу жұмыстарына және екінші қабаттан судың ағуына ескертулер айтылды. Сонымен қатар, А.Манкеев мектепті компьютерлік сыныптар мен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойыншы ұсынысын білдірді. Мектепке мониторинг жасау жалғасатын болады.
