Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа формциядағы басшыларды дайындау мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті

2018 жылдың 7 қараша күні облыс әкімдігінде облыстық басқармалардың бірінші басшыларына және аудан әкімдеріне мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігін арттыру мен жаңа формциядағы басшыларды дайындау мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Семинарда жеке дағдылар мен іскерлік жетілдірулер, сонымен қатар, мемлекеттік органдарда басқару жобаларын енгізу мен цифрландыру мәселелері талқыланды.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М. Нұртазин, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ж. Даухарин, құқық ғылымы кандидаты Б. Чингаева, Ұлттық талдау және сертификаттау орталығының облыстық филиалының оқыту және маркетинг секторының меңгерушісі А. Елемесова және облыстық білім басқармасының басшысы Ш. Қадырова баяндама оқыды.

1
0
369

Осы тақырып бойынша

Жаңа формциядағы басшыларды дайындау мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті - Yvision.kz