Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі»

2018 жылдың 5 қарашасында Батыс Қазақстан жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.Семинарға облыстағы колледждердің директорлары мен орынбасарлары қатынасты.

Шараны ұйымдастырушылар – БҚО білім басқармасы, БҚО ішкі саясат басқармасы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин семинарға қатысушыларға «Саналы ұрпақ» жобасын таныстырып, академиялық адалдықты қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқытушыларымен тренингтер ұйымдастырылып, тәжірибе алмасты.

1
0
530

Осы тақырып бойынша

«Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі» - Yvision.kz