Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жемқорлықсыз ел – дені сау ел» атты акция өткізілді

2018 жылдың 08 қарашада халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлықсыз ел – дені сау ел» атты акция өткізілді.

Акцияға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілдері, №2 қалалық емхана әкімшілігі, «ЖасОтан» жастар қанатының белсенді жастары қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен шарттарды жою, сыбайлас жемқорлықтың болу себептері мен тигізетін әсерлері туралы, сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі туралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратылды.

1
0
325

Осы тақырып бойынша