Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі А.Манкеев жылжымалы транспорттық бақылау бекетінде
2018 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі А.Манкеев, Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш және облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшесі М.Мұқашев республикалық Самара-Шымкент тас жолы бағытындағы жылжымалы транспорттық бақылау бекетіне барды.
Жылжымалы бақылау бекетіне мониторинг жүргізу кезінде А.Манкеев облыс аймағында орналасқан республикалық тас жолдарға бағытталған жылжымалы транспорттық бақылау бекеттерінің санын көбейту жөнінде ұсыныс білдірді.
