Сарапшылық кеңес құрамы жасақталуда
Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы негізінде 2019 жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының миссиясы - Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.Жобалық кеңсенің жанында жұртшылық, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдерінің қатарынан Сарапшылық кеңес құрылады.Жоба аясында сарапшылық кеңес келесі салалар бойынша өзінің қызметін жүзеге асырады:- Білім бері;- Денсаулық сақтау;- Әлеуметтік қамтамасыз ету;- Сәулет, құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы;- Ауыл шаруашылығы және же…