Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сарапшылық кеңес құрамы жасақталуда

Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы негізінде 2019 жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының миссиясы - Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Жобалық кеңсенің жанында жұртшылық, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдерінің қатарынан Сарапшылық кеңес құрылады.

Жоба аясында сарапшылық кеңес келесі салалар бойынша өзінің қызметін жүзеге асырады:

- Білім бері;

- Денсаулық сақтау;

- Әлеуметтік қамтамасыз ету;

- Сәулет, құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы;

- Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары;

- Мемлекеттік кірістер органдары;

- Сот және құқық қорғау органдары.

Осыған орай, аталған сарапшылық кеңес құрамына сарапшы ретінде қатысуға шақырамыз. Ұсыныстарыңыз бен түйіндемелеріңізді 2019 жылдың 21 қаңтарына дейін [email protected] электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

1
0
699

Осы тақырып бойынша

Сарапшылық кеңес құрамы жасақталуда - Yvision.kz