Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді
2018 жылдың 24 желтоқсанында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің қорытынды отырысында, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары қаралды.
Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Департаментімен, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары қаралып, оның нәтижесі бойынша Кеңес тарапынан аталған мемлекеттік орган басшысына, алдағы жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты іс-шаралар жоспарын жасақтап оны бекіту және баламалы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету немесе оларды «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттіке коорпорациясының филиалдары арқылы көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде сәйкесінше ұсыныстар берілді.
Бұдан басқа, Кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі аясында, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша жұмыс нәтижелері қаралып, оның қорытындысы бойынша Кеңес тарапынан аталмыш мемлекеттік орган басшысына 2019 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау бойынша ұсыныс берілді.
Соңында, Әдеп жөніндегі кеңестің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі қаралып, талқылау қорытындысы бойынша кеңес Хатшылығымен ұынылған Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бір ауыздан мақұлданды.
