Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі кеңес пен әдеп жөніндегі Уәкілдің 2018 жылы атқарған қызметі жөнінде

2018 жылдың 25 желтоқсанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың төрағалығымен және облыстық Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Д.Жұмағазиеваның қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз-конференциясын өткізді.

Брифинг барысында Әдеп жөніндегі кеңес пен әдеп жөніндегі Уәкілдің 2018 жылы атқарған қызметі жөнінде сөз етілді.

Өз сөзінде Б.Исақов мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әдептілікті арттырудың маңызды элементтерінің бірі, бұл Әдеп жөніндегі кеңестер. Әдеп жөніндегі кеңестер, Агенттіктің Департаменттері жанындағы бұрын соңды болған тәртіптік кеңестер негізінде 2016 жылы құрылғандығын атап өтті.

Бұл өзгерістердің басты мақсаты, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау бойынша басымдылықты, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақтауын және мемлекеттік органдарда жоғары этикалық стандарттардың қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған басымдылықтарға ауыстыру болып табылады.

Бұл ретте, тәртіптік істерді қараумен қатар Әдеп жөніндегі кеңестерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау, қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау, тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау бойынша өкілеттілік берілген.

Осы орайда, үстіміздегі жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізіліп, онда жалпы 64 мәселе қаралса, оның 43 немесе 67% профилактикалық бағытындағы мәселелер және 21 немесе 33% - тәртіптік істерді құрады.

Салыстырар болсақ, 2016 жылыӘдеп жөніндегі кеңестің өткізілген 12 отырысында жалпы 73 мәселе қаралса, оның 54 немесе 74% - тәртіптік істерді құрап, ал 2017 жылы өткізілген Кеңестің 13 отырысында 93 мәселе қаралып, оның 43 немесе 46,2% - тәртіптік істерді құраған.

Қаралған 43профилактикалық бағытындағы мәселелердің:

12 -сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау;

15 - мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау;

6 - қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау;

4 - тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау;

5 – өзге де мәселелерді қарау.

Осы профилактикалық мәселелерді қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға, мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік этика нормаларының бұзушылықтардың алдын алу бағытында 71 ұсыныстар жолданды.

Қаралған 21 тәртіптік іс материалдарының қорытындысы бойынша, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы негізінде 10 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 5 қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және 5 – мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, Жанар Жұмағазиеважылдың басынан бері мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға 200-ге жуық консультациялық көмек көрсетілгендігін айтты. Әдеп жөніндегі уәкілмен және әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген тұлғалармен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 3000-ға жуық мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіліп, қорытындылары негізінде тиісті шаралар қабылданып, ұжымду біріктіруге, қызметкерлер арасында қызметтік қарым-қатынастың нығаюына, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, тиімді қызмет атқарған қызметшілерді көтермелеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қызметшілермен 180-нен астам кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
0
487

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі кеңес пен әдеп жөніндегі Уәкілдің 2018 жылы атқарған қызметі жөнінде - Yvision.kz