Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Қаржы, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен семинар өткізілді.

Бүгін сағат 16.00-де Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында облыстық қаржы басқармасының мәжіліс залында қаржы және дене шынықтыру және спорт басқармасы ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды.

0
0
302

«Адалдық пен ақиқат – болашаққа бастар жол» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбилеу бағытындағы сабақ өткізілді.

2015 жылғы 14 ақпан күні Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адалдық пен ақиқат – болашаққа бастар жол» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбилеу бағытындағы сабақ өткізілді.
Оқушылар өздері таңдаған мақалдарға сәйкес үш топқа бөлінді. Олар – «Құқық және отбасы», «Құқық және жастар», «Құқық және қоғам» топтары. Департамент консультанты Б.Хайруллин «Адал жол адастырмайды» тақырыбында дәріс оқып, дәріс арнайы дайындалған слайдпен сүйемелденді. Мектептің тарих пәні мұғалімі Н.Жекекова оқушыларға берген тапсырмасына орай, олар өз ойларын постерге бейнеледі. Кейін оқушылар топ болып өздеріне берілген тапсырманы қорғап шықты.

0
0
1152

Антикоррупционный урок на тему: «Адалдық пен ақиқат – болашаққа бастар жол».

14 февраля 2015 года в средней общеобразовательной школе №1 г.Уральск проведен антикоррупционный урок на тему: «Адалдық пен ақиқат – болашаққа бастар жол».
Согласно выбранных тематических пословиц класс был разделен на три группы: «Право и семья», «Право и молодежь», «Право и общество». Консультант Департамента Б.Хайруллин выступил с лекцией на тему «Адал жол адастырмайды». Лекция сопровождалась показом слайда. По заданию учительницы истории Жекековой Н. ученики отразили свое видение заданной темы на постере.

0
0
335

Бірлескен рейд.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен облыстық ішкі істер Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, мемлекеттік мекемелердің қызметтік көліктерін қызметтен тыс жұмыстарға пайдалану және әкімшілік айыппұлдарды төлету мәселелері бойынша рейд жүргізді.Іс-шара барысында Тасқала және Ақжайық аудандары лауазымды тұлғаларының қызметтік автокөліктері жұмыс уақытында Орал қаласындағы орталық базар маңында жеке шаруаларымен жүргендері және жол-сапар парақтарының болмағаны анықталды. Осыған байланысты, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік айыппұл салынып, аудан әкімдеріне аталған мекеме басшыларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс хат жо…

0
0
306

«Сыйлық және оның басқа түрлері» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сабақ өткізілді.

2015 жылғы 13 ақпан күні Орал қалалық А.Макаренко атындағы жалпы орта мекетебінде «Сыйлық және оның басқа түрлері» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сабақ өткізілді. Ата-аналар мен балалардың көмегімен өмірде кездесетін жағдайлар туралы қойылымдар көрсетілді. Осы жағдайларды талкылау барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерінің бағаларын беріп, шешу жолдарын ұсынды. Топтар жұмысында Сыйлаушылар жадынамасы жасалды, «Пайдалы сыйлық» бөлімінде «Винни Пух» балалар шығармасынан үзінді пайдаланылды, сабақты қорытындылай келе, балалар сыйлық тек шын көңіл, ықыласпен берілу қажеттігін ұғынды.
Сонымен қатар, ата-аналар тұлғаны жас кезінен қазақстандық патриотизм сезімімен және жемқорлыққа төзбеушілікте тәрбиелеу қажет деп айтты.

0
0
1008

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні сағ. 09:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді.Шараға «Жас Отан» жастар қанатының, Қазақстан студенттер Альянсының және «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары мен еріктілері қатынасты.Акция Батыс Қазақстан облысының мектеп және колледж оқушыларының қысқы спартакиадасы шеңберінде оздырылды. Іс-шараға 12 аудандық, 1 қалалық және 1 облыстық командалар қатысты. Шара барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш жемқорлықтың мәселелері б…

0
0
687

Қазақ мектебі оқушыларының қатысуымен өтетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараға дайындық бойынша жұмысшы тобының бірінші отырысы оздырылды

12 ақпан күні сағ.15.30 физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі және дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектебі оқушыларының қатысуымен өтетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараға дайындық бойынша жұмысшы тобының бірінші отырысы оздырылды.
Шара «парламенттік тыңдау» түрінде және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2015 жылдың 4 наурызы сағ.16.00-ге өтеді деп жоспарланып отыр.

0
0
330

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жырласа, жастар жырласын!» атты облыстық студент-жастар айтысы өтті.

11 ақпан күні сағ.15.00 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Отан» жастар қанатының филиалы, Батыс Қазақстан облысы жастар қауымдастығы ұйымдастыруымен «Жырласа, жастар жырласын!» атты облыстық студент-жастар айтысы өтті. Шараға Департаменттің консультанты Б.Хайруллин қатынасып, қазылар алқасында төрелік етті. Жас ақындар өздерінің тәлімгерлерімен айтысып, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өз жырларын арнады.

0
0
382

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің БҚО бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімшесінде іс-шара оздырылды.

Ағымдағы жылдың, 11-ші ақпанында сағат 15.00-де ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің БҚО бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімшесінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру жөнінде іс-шара оздырылды.
Департаменттің «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы» басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш кіріспе сөзінде сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда терроризм және экстремизм қылмысымен теңестірілгендігіне және ол қоғамға өте қауіпті дерт екендігіне тоқталды.
Шара барысында оқылған баяндамалар арнайы дайындалған слайдтармен сүйемелденді.

0
0
447

«Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өтті.

Ағымдығы жылдың, 11-ші ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске облыстағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті департамент басшысының орынбасары Нұрлан Сүйінбаев ашты, Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш және тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Ж.Мұратов өз баяндамаларында «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау», «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы» және «Мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмысын жетілд…

0
0
438