«Адалдыққа ақ жол» тақырыбындағы іс-шаралар.
Бүгін Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ оқушылары арасында БҚО бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті мектеп басшылығымен бірлесіп, «Адалдыққа ақ жол» тақырыбында бір мезгілде 3 топта іс-шара өткізді. Шаралар 1-4 сыныптар арасында «Адалдық ар намыс», 5-8 сыныптарда «Жемқорлықпен қалай күресеміз» жайдарман ойыны және 9-11 сыныптарда «Жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресеміз» тақырыптарында түрлі форматта ойындар, ертегілерден көрініс және ойын-тартыстар өткізілді. Шаралар барысында ұйымдастырушылар мен оқушылардың ойындарға тыңғылықты дайындалғандары байқалып тұрды. Бастауыш сыныптарда ертегі көрінісінде қоянды қорқытып, одан күн сайын бір сәбіз сұрататын түлкінің құлқын жағымсыз кейіпкер екендігін балалар түсініп, өткізілген шарадан көп түсінік алды. 9-11 сыныптарда өткізілген іскерлік ойында 3 топқа бөлініп, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде өзара сайысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттармен марапатталды. Әділқазылар алқасында Департаменттің қызметкерлері болды.
