Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылдың 19 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Ақжайық ауданына барды.

2015 жылдың 19 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Ақжайық ауданына барды.

Жұмыс тобының іссапары азаматтардың жеке қабылдауынан басталды. Қабылдауда аудандық ардагерлер және мүгедектер Кеңестерінің төрағалары болды. Олар сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу мәселелерімен қатар, есту аппараттары, мүгедектердің арбалары және т.б. өнімдерді мемлекеттік сатып алу барысында тауарлардың сапасына көңіл аудару мәселесін көтерді.

Одан кейін, аудандық әкімдікте аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев баяндама жасады. Ол Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру, мемлекеттік қызметке меритократия қағидасы бойынша тағайындау, протекционизм мен аффилирлену көріністерін жою мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, аудандық персоналды басқару бөлімінің жұмысы аталып өтілді. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш – жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны талқылау барысында аудандық прокурор Н.М.Сәбитов, аудан әкімінің орынбасары-біріңғай тәртіптік кеңес төрағасы А.Б.Әбуғалиев және аудандық «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа кеңес төрағасы А.Д.Жақсыбаев баяндама жасап, ақпарат берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар Ақжайық агро-техникалық колледжі мен Абай атындағы мектеп гимназиясында жалғасын тапты. Шара барысында Н.Б.Сүйінбаев Департамент жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның, соның ішінде жастардың рөліне тоқталды.

Мектепте азаматтық құқықтарды терең меңгеру және жоғары адами құндылықтарға жастарды тәрбиелеу мақсатында, «Әділ сөздің жолы игі, - әділ істің арты игі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабаққа мектептің «Жас қыран» тобы мен 9 сынып гимназиясының оқушылары қатысты.

Сабақта ойын элементтері қолданылып, видеоролик және слайдтар көрсетілді. Оқушылар тақырыпқа қатысты мектепте кездесетін жағдайларды қызыға талқылады, мысалы: мектеп асханасының кассирі Сізге қателесіп көбірек ақша қайтарса, үндемей қалу немесе артық ақшаны қайтарып беру сәттері; алдағы өтетін емтихан немесе бақылау жұмысының жауаптары үшін Сізден сыйақы сұрау жағдайлары талқыланды.

Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Н.Масимова дәріс оқыды.

Сонымен қатар, Департаменттің жұмыс тобы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысымен танысты.

 
0
0
467

Осы тақырып бойынша

2015 жылдың 19 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Ақжайық ауданына барды. - Yvision.kz