ҚР ІІМ РУ-170/1 мекемесінің жеке құрамымен семинар-кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында ҚР ІІМ РУ-170/1 мекемесінің жеке құрамымен семинар-кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
