Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинар өткізілді

2016 жылдың 24 наурыз күні  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                 іс-қимыл туралы заңының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау жүргізу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, шара барысында министрлік дайындаған арнайы сауалнама толтырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 
0
0
441

Тәртіп – оқушылар тәрбиесінің негізі

2016 жылдың 15 наурызында №12 жалпы білім беретін мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шара Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторы К.Н.Насетов, Орал қаласының әкімдігінің өкілі Ш.Ж.Теміржановтың және мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.

Шара барысында оқушылар интернет сайттардың материалдары негізінде дайындалған Қытай, АҚШ, Ресей, Сингапур елдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша баяндамалар оқыды.

Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

 

0
0
329

БҚО-да мемлекеттік қызметшілерге «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының негізгі тезистері түсіндірілді

2016 жылдың 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында «100 нақты қадам» ұлт Жспарының негізгі тезистерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин және аумақтық департаменттердің, облыстық басқармалар, қала, аудан әкімдері аппараттарының басшылық лауазымдарына тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Күн тәртібін талқылауда жергілікті атқарушы органдардың шақырылған басшылары қатысты. Дөңгелек үстелдің ашылуында Департамент басшысы Мирболат Нұртазин өзінің алғашқы сөзінде мемлекеттік органдардың, сонымен қатар жалпы қазақстанды…

0
0
327

БҚО мемлекеттік қызмет істері Департаменті басшылығы тікелей эфирде

2016 жылдың 16 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасарлары А.Жұбаныш пен Ж.Мұратов «Қазақстан-Орал» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Өз сөзінде А.Жұбаныш жаңа реформалардың арқасында Қазақстандағы автономды және кәсіби мемлекеттік аппарат одан әрі қалыптасатындығын атап өтті.

Бағдарлама барысында басшының орынбасары  телекөрермендерден келіп түскен сұрақтарға нақты түсініктер бере отырып, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруде және қоғамдағы жемқорлық көріністерін жоюда жоғары деңгейдегі жұмыстар атқарылып жатырғандығын баса айтты.

0
0
351

БҚО-да медицина қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғану керектігі түсіндірілді

2016 жылдың 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекетітк қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барша қоғамның ісі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Департаменттің өкілі М.Харесова, аурухана директоры Е.Тоқсанов және мекеменің медициналық қзметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Маншук Харесова облыс деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларда заңдылықты қатайту, заңнамада белгіленген мерзімде азаматтардың жолданымын қарау шаралары талқыланды.

0
0
486

Жемқорлық індет – оны жою міндет

2016 жылдың 16 наурыз күні Орал қаласындағы №26 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жемқорлық індет – оны жою міндет» атты 10 сыныптың қатысуымен сыныптан тыс шара өткізілді. Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында тарих пәнінің мұғалімімен ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, топтарымен әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды.

Сабақта оқушыларға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері дәріс оқып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қай уақытта да жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастыру керектігін айтты. Шара соңында оқушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
740

Жемқорлық – демократиялық елге төнген қатер

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу туралы айтылған. Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және құқықтық санасын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО департаменті №20 мектептің басшылығымен бірлесіп, 2016 жылдың 15 наурыз күні 9-10 сынып оқушыларына «Жемқорлық – демократиялық елге төнген қатер» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Сабақ өту кезінде 10 сынып оқушылары сот отырысынан көрініс көрсетіп, онда жемқорлықты соттады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында жемқорлық тақырыбында жүргізілген сауалнама қорытындысы слайд арқылы көрсетілді. Шараға Департаменттің сыбайл…

0
0
383

Дене шынықтыру және спорт басқармасындағы семинар-кеңес

2016 жылдың 14 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, сонымен қатар басқарма қарамағындағы спорт ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Ресми өкіл семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама бойынша түсінік беріп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерге назар аударды. Семинар-кеңес б…

0
0
602

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәдениет саласында талқыланды

2016 жылдың 15 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Орал қалалық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына филармония ұжымы, облыстық ғылыми кітапхана қызметкерлері, сонымен қатар, Департаменттің өкілі Маншук Харесова қатысты.

0
0
459