Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да мемлекеттік қызметшілерге «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының негізгі тезистері түсіндірілді

2016 жылдың 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында «100 нақты қадам» ұлт Жспарының негізгі тезистерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин және аумақтық департаменттердің, облыстық басқармалар, қала, аудан әкімдері аппараттарының басшылық лауазымдарына тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Күн тәртібін талқылауда жергілікті атқарушы органдардың шақырылған басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелдің ашылуында Департамент басшысы Мирболат Нұртазин өзінің алғашқы сөзінде мемлекеттік органдардың, сонымен қатар жалпы қазақстандық қоғамның алдында ұлт Жоспарында Елбасының бес реформада алға қойған мақсаттарды жүйелі жүзеге асыру міндеті тұрғандығын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларға «100 нақты қадам» ұлт Жоспарынан тарайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат құру бойынша негізгі тезистері түсіндірілді.

Дөңгелек үстел барысында бес институционалды реформаны жүзеге асырудың міндеттері мен механизмдерін талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер бұл маңызды жоспардың орындалуы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

 

0
0
326

Осы тақырып бойынша

БҚО-да мемлекеттік қызметшілерге «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының негізгі тезистері түсіндірілді - Yvision.kz