Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

«Жемқорлықпен күресу — басты міндетіміз»

Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайтыны белгілі. Осы бағытта 2016 жылдың 11 сәуір күні Департамент Құрманғазы атындағы саз колледжімен бірлесіп, студенттердің қатысуымен «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел оздырды. Дөңгелек үстел режиссура мамандығының студенттерінің дайындауымен «Қара бауыр қасқалдақ» атты шағын көрініспен ашылды. Кейін колледж директоры Н.У.Сертеков сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда "Нұр-Отан" партиясына жүктелер міндеттерге тоқталып, оны жою шараларын қоғам болып белсенді жүргізуі керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, департамент өкілі Е.Төлепқалиев қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының негі…

0
0
1335

БҚО жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы таныстырылды

2016 жылдың 4-8 сәуір аралығында Департаменттің бастамасымен өңіріміздегі 4 жоғарғы оқу орындары (М.Өтемісұлы ат.БҚМУ, Жәңгір хан ат.БҚАТУ, БҚИТУ мен«КазИИТУ» ғылыми-білім кешені)студенттеріне,барлық бакалавр даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу пәнінің модельдік оқу бағдарламасының таныстырылымы өткізілді. Өткізілген шараларға Департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, аталған басқарманың бас маманы Е.Төлепқалиев, «КазИИТУ» университетінің ректоры С.Жүсіпбеков, БҚИТУ проректоры Қ.Жанияров, М.Өтемісов ат. БҚМУ экономика және құқық кафедрасының меңгерушісі Г.Нестеренко, оқытушылар құрамымен студенттері қатынасты. Шара барысында Департамент өкілдерімен пәннің басты мақсаты студенттердің сыбайлас жемқор…

0
0
1189

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша білім беру саласындағы кезекті кездесу

2016 жылдың 8 сәуірде Орал қалалық Технологиялық колледжінің жеке құрамына семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі М.Харесова қатысты.

Семинар-кеңес барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі бағыттары туралы таныстырылды.

Сонымен бірге, жеке құрамға жемқорлық қарсы іс-қимыл бағытында видеороликтер көрсетіліп, сауалнама толтырылды.

1
0
404

Балалар адалдықты таңдайды

2016 жылдың 8 сәуірде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Орал қалалық №24 жалпы білім беретін мектебінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз адалдықты таңдаймыз» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді.

Сыныптан тыс шара ойын түрінде өткізіліп, ойын тәртібі бойынша оқушылар алты топқа бөлінді. Ойын барысында қатысушылар ребустарды шешіп, өмірдегі жағдайларды талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылымдар қойып, сондай-ақ өлең шумақтарын құрастырды.

Шараға Департамент өкілі М.Харесова, мектеп басшылығы, оқытушылар құрамы және оқушылар қатысты.

Шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

0
0
262

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі

2016 жылдың 6 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының патологиялық-анатомиялық бюросында аталған мекеменің қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатырған шаралар жөніндегі сұрақтар талқыланды. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі М.Харесова қатысты.

0
0
174

Облыстық қазақ драма театрындағы семинар-кеңес

2016 жылдың 6 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық қазақ драма театрында мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәселелері қозғалды.

0
0
288

Жаңа пәннің оқу бағдарламасымен таныстыру

2016 жылдың 6 сәуірінде Департаментпен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттеріне, барлық бакалавр даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу пәнінің модельдік оқу бағдарламасының таныстырылымы өткізілді.

 

0
0
355

Жаңа пәннің оқу бағдарламасымен таныстыру

2016 жылдың 5 сәуірінде Департаментпен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттеріне, барлық бакалавр даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу пәнінің модельдік оқу бағдарламасының таныстырылымы өткізілді.

 
0
0
515

Педагогтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының құқықтық мәдениеті жөнінде түсіндірілді

2016 жылдың 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекетітк қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Орал «Сервис» технологиялық колледжінде семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске колледж басшылығы мен оқытушылар құрамы және департаменттің өкілі М.Харесова қатысты.

Кездесу кезінде М.Харесова ҚР «Мемлекеттік қызмет» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдары туралы түсінік беріп, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді,  құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігіне аса назар аударды.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.

0
0
316

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментіндегі семинар

2016 жылдың 31 наурыз күні Департаментпен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жөнінде семинар-кеңес оздырылды.

Семинар барысында жаңа заңдағы жаңашылдықтармен және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында видео-роликтер көрсетілді.

Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Төлепқалиев қатысты.

0
0
633