Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары тікелей эфирде талқыланды

2016 жылдың 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарламаның негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, қызметтік қатынастардағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың жалпы стандарттары және Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жөнінде болды.

Бағдарламада Жақсат Мұратов мемлекеттік қызметшілер өздерінің моральдық-адамгершiлік бейнесiне жоғары талаптар қоя білуі керектігін айтып, мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсай отырып, іскерлік қасиеттерге ие болу керектігін атап өтті.

0
0
577

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 17 мамырында өткен кезекті отырысында Теректі, Сырым, Зеленов, Тасқала, Казталов аудандарының бірқатар мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істер қаралды. Алдымен, Теректі аудандық прокуратурасының шаруа қожалығына жалға берілген жер телімінің пайдалану мерзімін ұзартудан заңға сыйымсыз бас тарту мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Теректі ауданының жер қатынастар бөлімінің бас маманы А.М.Губанов пен Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Н.Шукеевтың, сонымен қатар Зеленов аудандық прокуратурасының егін шаруашылығын дамытуға субсидия беру үшін шаруа қожалықтарынан құжаттар қабылдау барысында белгіленген Қағида талаптарын бұзу мәселесіне қатысты ұсынысы негізі…

0
0
581

Адалдық пен әділдік

2016 жылдың 19 мамырында №42 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс шара оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану арқылы өтті.

ОЖСИОД технологиясы оқу мен жазу барысындағы ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырудың тұтас жүйесін құрайды. Ол ашық ақпараттық кеңістіктің негізгі дағдыларына, мәдениаралық әрекеттестік енгізілген ашық қоғамның азаматтық мінез-құлықтарын дамытуға бағытталған. Бұл технология білім саласындағы мәселелердің үлкен шоғырын шешуге негізделген.

Мектеп басшылығы мен Департамент өкілі оқушылармен бірге тренингке қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин оқушылар алдында «Адал жол адастырмайды» тақырыбында баяндама оқыды.

0
0
559

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу әркімнің ісі

2016 жылдың 18 мамырда өскелең ұрпақтың дүниетанымдарын кеңейту, әрбір жасаған ісіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында Орал қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жемқорлық деген не?» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді. Шараның басында мектептің мұғалімі С.Ақболатова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы Заңға қысқаша түсінік берді. Заң негізінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, оны анықтау, олардың жолын кесу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу болып табылады. Шара б…

0
0
661

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің аясында, Департаментпен 2016 жылдың 17-18 мамыр күндері Орал қалалық сервис және жаңа технологиялар колледжі мен А.Иманов атындағы жол-көлік коледжінің оқытушылар құрамына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған семинар-кеңестер өткізілді. Семинарларда департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдерімен жалпы білім саласында орын алған сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына тоқталып, бала тұлғасын қалыптастыруда оқытушылардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, ж…

0
0
511

«Мәңгілік ел» патриоттық идеясына арналған ашық диктант өтті

2016 жылдың 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде "Мәңгілік Ел" патриоттық актінің акциясы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өткізіліп, оған департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин және Департамент қызметкерлері қатысты.

0
0
789

Открытый диктант, посвященный патриотической идее «Мәңгілік ел»

18 мая 2016 года в Департаменте Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области прошел тотальный диктант в рамках общеказахстанского открытого диктанта посвященный патриотическому акту «Мәңгілік Ел», в котором принял участие руководитель департамента, председатель совета по Этике Нуртазин М.С. и сотрудники Департамента.

0
0
444

Диалог алаңдар сериясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен бойынша Батыс Қазақстан облысы аудандарында, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ҮЕҰ, діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалог алаңдар сериясы өткізілді.

Диалог алаңдар сериясына қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа құқықтық, рухани-адамгершілік шаралармен ықпал етуді қолдану, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мәселелері қызу талқыланды.

0
0
502

Ж.Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушыларымен дөңгелек үстел өтті

Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайтыны белгілі. Осы бағытта 2016 жылдың 13 мамыр күні Ж.Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледжінде, ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел оздырды. Шарада департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Төлепқалиев қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасаса, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Шараның соңында білім сал…

0
0
542

Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті.

2016 жылдың 12 мамыр күні Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық колледжінің оқытушы құрамына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар кеңес барысында департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне және білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына тоқталып, болашақ ұрпақ тәрбиелеу жолында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға шақырды. Өз кезегінде колледж директоры С.А.Алимбеков сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпы қоғамның әр азаматтың борышы екендігіне тоқталса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Сахипов коледжде атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндама жасады. Шараның соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тақ…

0
0
415