Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің аясында, Департаментпен 2016 жылдың 17-18 мамыр күндері Орал қалалық сервис және жаңа технологиялар колледжі мен А.Иманов атындағы жол-көлік коледжінің оқытушылар құрамына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған семинар-кеңестер өткізілді.
Семинарларда департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдерімен жалпы білім саласында орын алған сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына тоқталып, бала тұлғасын қалыптастыруда оқытушылардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, және баланың тәрбиесі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасады.
Сонымен қатар, шара соңында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

