Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу әркімнің ісі
2016 жылдың 18 мамырда өскелең ұрпақтың дүниетанымдарын кеңейту, әрбір жасаған ісіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында Орал қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жемқорлық деген не?» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.
Шараның басында мектептің мұғалімі С.Ақболатова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы Заңға қысқаша түсінік берді. Заң негізінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, оны анықтау, олардың жолын кесу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу болып табылады.
Шара барысында 7 сынып оқушыларына тақырыпқа сай ойындар ойнатып, мақал-мәтел айтудан жарыс өткізілді.
Оқушылардың қатысуымен қойылған «Справедливость – начало человечности» қойылымы үлкен қызығушылық пен қызу талқылау тудырды.
Шара соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі М.Харесова «Сыйлық және оның түрлері» тақырыбында слайдпен сүйемелдеу арқылы дәріс оқыды.
