БҚО МКҚБ-дағы семинар-кеңес

2016 жылдың 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.
Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаменті өкілдері қатысушыларды еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қалай талдау жүргізу жөнінде кеңінен түсіндірді.
Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

