БҚО-да кәсіподақ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
2016 жылдың 1 маусымда «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының Президиумы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен салтанатты шара өткізді.
Шара «Мемлекеттік қызметшілер» және «Кәсіподақтар» күніне арналып, оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша Департаменті басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы М.Нұртазин, республикалық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерін салалық кәсіподағының төрайымы Р.Ахметова және облыстық кәсіподақтар қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде Р.Ахметова әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығына кәсіподақтардың ынталы жұмыстары екендігін атап өтті. Кәсіподақтың статистикалық көрсеткіші бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарында 80 170 кәсіподақ мүшесі болса, соның ішінде жастар саны 19 327 немесе 24,1 %-ды құрайды.
Шарада облыстық кәсіподақтар мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер «Еңбек ардагері» медальдарымен, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, құрмет граматалары және алғыс хаттармен марапатталды.
