Әлеуметтік дертке қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып, ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық бостандығы мен құқықтарын бұзуға әкеліп соғады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген әлеуметтік зерттеу азаматтардың басым бөлігін ойландыратын маңызды мәселелер арасында бірінші орынға сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігі дәлелдеп отыр. Сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдары жұмысының тиімсіз екенін, олардың құзіретінің әлсіз екенін көрсетеді. Халықтың өкіметтен алшақтауы орын алады. Осының бәрі мемлекет пен қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары: баршаның заң және сот алдында теңдігі. Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды. Өкінішке орай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер БАҚ –та жариялау, өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сарқан аудандық қазынашылық басқармасына республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жүктелген. Осы басқарма қызметкерлері Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарын орындау мақсатында тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, қолданыстағы Заңдарды білу үшін техникалық оқу сабақтарын және мақалалар жариялап отырады. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік мекемелермен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге және оның алдын алуға міндетті. Жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқолыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Г.ОРЫНОВА, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.
