Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жең ұшынан жалғасқан, қоғам дертiне айналған жемқорлық, басқасын айтпағанда, ұлт қауiпсiздiгiне тiкелей нұқсан келтiруде. Тiптi, мемлекеттiк басқарудың экономикалық, саяси, құқықтық жəне басқа да салаларына енiп, олардың тиiмдiлiгiнiң артуына зиян келтiруде. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат жəне қоғамдық бəсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Рес публикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-əрекеттер əр салада жүзеге асырылуда. Əсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері əсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сəйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық əрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің əрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сəйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын пəрменнің» керін қайталайтын боламыз», - деп атап көрсеткен. Қоғам үшiн жемқорлық қашанда iндет болып саналады. Ал, оны жою – баршамыз үшiн ортақ мiндет. Сонда ғана келеңсiздiктердi түбiрiмен отап тастауға болады. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Зинагүл КҮНЕСБАЙ, Ұзынбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі
