Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым
А.ж. 24 қазанда Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды орындау аясында, Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп – гимназиясында 9-11 сынып оқушылары, «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым» тақырыбында диалог алаңы өткізілді..
Іс-шараға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.
Сындарлы сұхбат барысында мектеп оқушылары қазіргі заманның мемлекттік қызметшісінің бейнесін сипаттап берді: жаңа заман өкілі, ұлтжанды, өз ісінің шебері.
Диалог алаңына қатысушылар келешекте абыройлы азамат болу үшін қазіргі уақытта сабақты жақсы оқып, білім алып, Отанды риясыз сүю керек екенін айтты.
24 октября т.г. в рамках исполнения мероприятий, обозначенных в Программе формирования антикоррупционной культуры в школьной среде в контексте духовно-нравственного и гражданско-патриотического воспитания в Профильной школе-гимназии полиязычного обучения №3 имени М.Габдуллина города Кокшетау состоялась диалоговая площадка с учащимися 9-11 классаов, членов клуба «Адал ұрпақ», на тему «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым».
Сыбайлас жемқорлық көріністерімен тиімді түрде күресу мәселелеріне елімізде мемлекет тарапынан болсын, қоғам тарапынан болсын, зор көңіл бөлінуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және азайту негізін қалаушы болады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауы сыбайлас жемқорлыққа қөарсы іс-қимылың жаңа құралы болып табылады.
А.ж. 23 қазанда Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында Көкшетау қаласының №1 орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары – «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы өткізілді. Шараға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 23 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Жемқорлықтың алдын-алу басқармасы басшысының м.а. Е.Кенжалиннің қатысуымен ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі сапалы талдау» дөңгелек үстелі өткізілді.
2017 жылғы 25 қазанда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді.
А.ж. 19 қазанда қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен Ақмола облысы әкімдігінің отырысында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Б. Беспалинов жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі туралы ақпарат жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс.
А.ж. 18 қазанда Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде Қоғамдық қабылдау болып өтті.
2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары О.Т. Омаровқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол шешім дайындау мен қабылдау кезінде заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алудың қатысушылардың құқықтарын бұзды, яғни мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасады.