Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірінші институционалды реформаның жүзеге асырылу барысы туралы

А.ж. 19 қазанда қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен Ақмола облысы әкімдігінің отырысында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Б. Беспалинов жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі туралы ақпарат жасады.

Өз сөзінде Б. Беспалинов Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Мемлекеттік қызметшілердің ауысушылығы, тәлімгерлік, тағылымдама мәселелеріне, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігіне тікелей әсер ететін факторлар ретінде, айрықша назар аударды.

Қатысушыларға, олардың қызметіне жасалған талдаудың барысында әзірленген ұсынымдар берілді.

   
0
0
339

Осы тақырып бойынша