Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым

А.ж. 24 қазанда  Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды орындау аясында, Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп – гимназиясында  9-11 сынып оқушылары, «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен  «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым» тақырыбында диалог алаңы өткізілді..

Іс-шараға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.

Сындарлы сұхбат барысында мектеп оқушылары қазіргі заманның мемлекттік қызметшісінің бейнесін сипаттап берді: жаңа заман өкілі, ұлтжанды, өз ісінің шебері.

Диалог алаңына қатысушылар келешекте абыройлы азамат болу үшін қазіргі уақытта  сабақты жақсы оқып, білім алып, Отанды риясыз сүю керек екенін айтты.

   
0
0
479

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстанымым - Yvision.kz