Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру жөнінде оқыту семинар өткізілді
Ү.ж. 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодекстің негізгі аспектілерін түсіндіру жөнінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында аппараттық оқыту семинар өткізді.
Семинар қатысушыларына мемлекеттік қызметшілер жол берген Әдеп кодексінің бұзушылықтары туралы тақырыптық ролик көрсетіліп, қойылған сауалдарға жауап берілді.
Семинар жұмысына 18 адам қатысты.

