Білім саласындағы қызметкерлермен кездесу
А.ж. 14 ақпанда Департаменттің қызметкері А. Галеева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен « Білім саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында (әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімімем) дәріс өткізді.
Іс-шараға 76 адам қатысты.

