Перейти к содержимому
almatinskaya.nurotan.kz

Алмат. областной филиал

@almatinskaya.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан, Алматы

Официальный филиал партии "Nur Otan" в Алматинской области

рейтинг

250

жазбалар

493

пікірлер

0

тіркелуші

25

жазылымдар

24

Дала даңғайырлары қыс қамына кірісті

Бүгінге 263 мың га дәнді-масақты дақыл (56%), 438 мың тонна дәнді дақыл жиналды, орташа өнімділік гектарға шаққанда 16,7 центнерді құрап отыр. Астықты сыйымдылығы 771 мың тонна болатын 265 астық қоймасы қабылдауда, оның ішінде 58,6 мың тонналық 2 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны да бар.Қант қызылшасы 16,1 мың га алқапқа себілген, 500 мың тонна өнім алып, 48 мың тоннадан астам қант шығару жоспарланған. Бүгінге Ақсу және Көксу қант зауыттары толығымен дайын, қант қызылшасын қабылдау қыркүйектің 2-ші кезеңінен басталады.Сонымен қатар шаруа қожалықтары картоп жинауға да кірісті. Биыл орташа өнімділік 176,1 ц/га құрап отыр, бұл өткен жылға қарағанда сәл жоғары. Бүгінгі күні картоп егілген 40,3 мың га жердің 8,6 мың гектары жиналып, одан 150,8 мың тонна өнім алынды.Бүгінге қажеттінің 75,…

0
0
226

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

0
0
125

Ата заңды партия филиалы өкілдері асқақтатты

«Айбарлы асқар елдің Ата заңы» атаулы шараның шымылдығын партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев ашып, филиал өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтады. Содан соң Әнұран ойналды. - Ата заң – ұлттығымыздың айғағы, егемендігіміздің тірегі. Ширек ғасыр бұрын тарихи қадам жасалып, елдің Конституциясы тұғырына қонды. Тұғырлы еліміздің Ата заңын қастерлеу арқылы оның құндылығын асқақтата түсеміз. Әлем жұртшылығы Қазақстанның атауын мәңгі естуге жазсын, - деді Ж.Әкебайұлы.Мұнан соң партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаеваны, филиалдың бірыңғай персоналды басқару жөніндегі консультанты Д.Аналдинованы марапаттады. Марапат легі бірқатар қызметке…

0
0
135

Жүйрікте де жүйрік бар...

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Арғымақтар аламаны» атты онлайн сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – Алматы облысына қарасты аудандық «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері арасында шын жүйрікті анықтау. Байқау шартына сәйкес 20 қатысушы whatsapp желісі арқылы сұраққа жауап негізінде үздік бестікті анықтады. Жүйріктер келесі кезеңге өтіп, skype желісі арқылы бес бөлімнен тұратын ұпай астына жасырылған сұрақ таңдау негізінде жеңімпазды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша Ислам Тынышбалаев жарыс жеңімпазы болса, екінші-үшінші орындарды Ақжан Мұсахметов пен Әділет Чукенов өзара бөлісті. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

0
0
122

Праймериз: Жетісуда 1000-нан аса үміткер депутат болуға ниетті

Бұл ретте «Nur Otan» партиясы қарымды да алымды, білігі мен білімі бар, көпшілікті соңынан ерте алатын нағыз көшбасшыларды анықтамақ. Сол арқылы елдің болашағына бей-жай қарамайтын, тәжірибесі толыққан тұлғаларды елдің даму жолында еңбек етуге мүмкіндік бермек.

17 тамыздан бастап Алматы облыстық партия филиалы сапынан мыңнан аса праймеризге қатысуға ниеттілер тіркелді. Қатысушылардың 60 пайыздан астамы праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – бастауыш партия ұйымы сапынан ұсынылған. Үміткерлер қатарында дәрігерлер, ұстаздар, дала еңбеккерлері, кәсіпкерлер және қоғам өмірінде көзге көрініп жүрген белсенді жастар бар.

Партияішілік іріктеуді өткізуге 315 дауыс беру учаскесі даярланды.

0
0
147

Қолы ашықтың – жолы ашық

Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішіні бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды, «Қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек.Жуырда «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық партия филиалынан ауданға қарасты Жансүгіров ауылының тұрғыны А.Кудярова жәрдем беруді сұрады. Жалғыз басты ана биылғы оқу жылының онлайн өтеріне алаңдаса керек. Балаларының қатардан қалмай, пандемия кезінде үйде интернет байланысы арқылы оңтайлы білім алуын ойлады.«Nur Otan» мұндай сәттерде қамсыз қалмайды. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова А.Кудярованың баласына ұялы т…

0
0
174

БҰҰ жеткен ақжолтай хабар

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы.

"Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды", делінген хабарламада.

0
0
123

Дәрігерлерге тарту

Алып ғарыш кеңістігін шарлап, жер шарының түкпір-түкпірін зерттеп, тауды сайға, сайды тауға айналдырғанымен жаңа короновирус шыққанда дәрменсіздігімізді аңғарттық. Осы уақытта тек Гипократтың антын қабылдаған ақ халатты абзал жандар ғана пандемияға төтеп берді. Бүгінде дүниені дүр еткізген індет сәл шегінгендей. Бірақ әлі де болса босаңсуға болмайды. Індетпен күрес кезінде аянбай еңбек еткен дәрігерлерге алғыс білдіру жер-жерде жүруде. Көпшіліктен қалмай «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы өкілдері мен ауданға қарасты Күрті ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері ұйытқы болуымен «Біз біргеміз» акциясы аясында дәрігерлерге азық-түлік тарту етті. Партия өкілдеріне, кәсіпкерлерге дәрігерлер де ризашылығын білдірді.

0
0
142

Ел үшін маңызды қадам жасаймын

Партияның партияішілік іріктеуі заманауи тәсілмен, ашықтық пен жариялылықты мақсат етіп отыр. Праймериз дегеніміз партия ішіндегі айтыс. Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсынастары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы ұлтжанды азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік бередіЕлдің ертеңінің жарқын боларына сенетін, қоғамды ілгері дамытуға аянып қалмайтын жан ретінде праймеризге мен қатысамын!Гүлшакира КУЙКАЛАКОВА,Қаратал ауданы, №97 балабақша директ…

0
0
183

Ең маңызды шаруа – халыққа қызмет ету

Себебі кеудеміздегі жұдырық жүрегіміз «елім, жерім» деп лүпіл қағуда. Осы ретте тәуелсіздік тарихындағы тұғырлы тартыстың бірі, «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға бекіндім. Болашақ жастардың қолында екенін ескере отырып, мен де білім беру, мәдениет, әдебиет, тарих, әлеуметтік сала және өзге де елдің әлеуетін көтеретін бағыттардың халық қамына қарай қызмет етуіне және қарқынды дамуына өзіндік үлесімді қосқым келеді. Сондай-ақ мемлекеттің мызғымас іргетасын қалыптастыруға ұмтылған барлық қазақстандықтарды, ел болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осы дүбірлі дүниеден құр қалмауға шақырамын. Алмат ЕСЕНБЕКОВ, «Алакөл» газеті қазақ бөлімінің басшысы, облыстық «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі

0
0
253