Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жүйрікте де жүйрік бар...

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Арғымақтар аламаны» атты онлайн сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – Алматы облысына қарасты аудандық «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері арасында шын жүйрікті анықтау. Байқау шартына сәйкес 20 қатысушы whatsapp желісі арқылы сұраққа жауап негізінде үздік бестікті анықтады. Жүйріктер келесі кезеңге өтіп, skype желісі арқылы бес бөлімнен тұратын ұпай астына жасырылған сұрақ таңдау негізінде жеңімпазды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша Ислам Тынышбалаев жарыс жеңімпазы болса, екінші-үшінші орындарды Ақжан Мұсахметов пен Әділет Чукенов өзара бөлісті. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

0
0
123

Осы тақырып бойынша