Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Праймериз: Жетісуда 1000-нан аса үміткер депутат болуға ниетті

Бұл ретте «Nur Otan» партиясы қарымды да алымды, білігі мен білімі бар, көпшілікті соңынан ерте алатын нағыз көшбасшыларды анықтамақ. Сол арқылы елдің болашағына бей-жай қарамайтын, тәжірибесі толыққан тұлғаларды елдің даму жолында еңбек етуге мүмкіндік бермек.

17 тамыздан бастап Алматы облыстық партия филиалы сапынан мыңнан аса праймеризге қатысуға ниеттілер тіркелді. Қатысушылардың 60 пайыздан астамы праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – бастауыш партия ұйымы сапынан ұсынылған. Үміткерлер қатарында дәрігерлер, ұстаздар, дала еңбеккерлері, кәсіпкерлер және қоғам өмірінде көзге көрініп жүрген белсенді жастар бар.

Партияішілік іріктеуді өткізуге 315 дауыс беру учаскесі даярланды.

0
0
148

Осы тақырып бойынша