Ең маңызды шаруа – халыққа қызмет ету
Себебі кеудеміздегі жұдырық жүрегіміз «елім, жерім» деп лүпіл қағуда. Осы ретте тәуелсіздік тарихындағы тұғырлы тартыстың бірі, «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға бекіндім. Болашақ жастардың қолында екенін ескере отырып, мен де білім беру, мәдениет, әдебиет, тарих, әлеуметтік сала және өзге де елдің әлеуетін көтеретін бағыттардың халық қамына қарай қызмет етуіне және қарқынды дамуына өзіндік үлесімді қосқым келеді. Сондай-ақ мемлекеттің мызғымас іргетасын қалыптастыруға ұмтылған барлық қазақстандықтарды, ел болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осы дүбірлі дүниеден құр қалмауға шақырамын. Алмат ЕСЕНБЕКОВ, «Алакөл» газеті қазақ бөлімінің басшысы, облыстық «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі
