Дәрігерлерге тарту
Алып ғарыш кеңістігін шарлап, жер шарының түкпір-түкпірін зерттеп, тауды сайға, сайды тауға айналдырғанымен жаңа короновирус шыққанда дәрменсіздігімізді аңғарттық. Осы уақытта тек Гипократтың антын қабылдаған ақ халатты абзал жандар ғана пандемияға төтеп берді. Бүгінде дүниені дүр еткізген індет сәл шегінгендей. Бірақ әлі де болса босаңсуға болмайды. Індетпен күрес кезінде аянбай еңбек еткен дәрігерлерге алғыс білдіру жер-жерде жүруде. Көпшіліктен қалмай «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы өкілдері мен ауданға қарасты Күрті ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері ұйытқы болуымен «Біз біргеміз» акциясы аясында дәрігерлерге азық-түлік тарту етті. Партия өкілдеріне, кәсіпкерлерге дәрігерлер де ризашылығын білдірді.
