Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Талғат Қожабаев: Біздің мақсатымыз – қоғамның полицейлерге деген сенімін арттыру

Қазақстан Республикасында 23 маусым күні полиция қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Осыған орай «Қазақстан» ұлттық арнасының эфиріне шығатын «Таңшолпан» таңғы бағдарламасында Астана станциясындағы Ішкі істер Желілік басқармасы басшысының орынбасары,  полиция майоры,  халықаралық дәрежедегі  спорт шебері  Талғат Қожабаев қонақта болды.

«Бізде түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Ондағы мақсатымыз – қоғамның полицейлерге деген сенімін арттыру. Аптасына бір рет қызметтік даярлық сабақтары өтіп тұрады. Бүгінде заңдар да көп өзгеріп жатыр. Соған орай сынақтар аламыз. Қызметкерлеріміз   Астана қаласының әуежайы мен теміржолындағы қоғамдық тәртіпті сақтау, жолаушылардың құқығын қорғау мақсатында жұмыс  істейді», - дейді Талғат Қожабаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні полиция мамандығына деген жастар қызығушылығы артып келеді екен.

«Ішкі істер министрлігінің Қарағанды, Семей, Алматы, Қостанай  қалаларында оқу орталықтары бар. Қазір соған үміткерлерді дайындап жатырмыз. Олар төрт жыл тегін оқытылады. Негізгі талап – спортқа жақын, білімді, төзімді болуы керек», - дейді полиция майоры.

Сұхбаттың толық нұсқасын көремін десеңіздер, «Таңшолпан» мұрағатын ұсынамыз.

Анықтамалық: Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады. Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашады.

Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжет, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалық – мұның бәрі «Таңшолпанда».

0
0
375

Осы тақырып бойынша