Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сеңгірбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

«Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова еліміздің мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Төсбелгіні бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен жиында «Қазақстан» РТРК» АҚ Төрағасы  Нұржан Мұхамеджанова табыстады. 

0
0
783

Отандық өнімді дамыту керекпіз – Елбасы

Қазақстандық брендті қолдау арқылы еліміз әлемге танылады,-деді Мемлекет басшысы телекөпір барысында. «Біздің басқа елдерден өзіндік ерекшелігіміз болуы керек. Мысалы, Францияны әлем жұртшылығы жұпар иісті әтірлері мен сапалы шарабы арқылы таниды. Жапондықтар уылдырық жемейтін қазаққа шикі балық жегізді. Нидерланды қызғалдағымен танымал. Неге бізге де осы жөнінде ойланбасқа? Миланда өткен EXPO көрмесінде біздің аграрлар біркелілік апортты таныстырды. Көпшілік жасанды апорт па, деп жатты. Бір қарасаң, жай ғана алма. Бірақ, қазір әлем Қазақстан – алманың отаны екенін түсінді. Бізде жаңалық, креативтілік деген жоқ. Алдымен, адамға идея келеді. Одан кейін барып материал жиналады. Материал жиналған соң, іске кірісу қажет. Бізде талантты жастар өте көп. Біз – ұлы даланың ұрпағымыз. Біздің бабал…

0
0
922

Астанада «Астана Самалы — 2015» атты үрмелі аспаптар фестивалі өтеді

Астана күні қарсаңында Елордада қала тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Астана Самалы - 2015» үрмелі аспаптар фестивалі. Фестиваль 4-6 шілде аралығында еліміздің бас қаласының қалалық алаңдары мен саябақтарында өтеді. Астана күніне орай ұйымдастырылатын шараға Қазақстан мен Ресей өнерпаздары қатысады. Шара 4 шілде күні кешкі сағат 18:00-де ашылады. Бағдарлама аясында үрмелі, халық және эстрада әуендері орындалады. Ал, 5 шілде сағат 10:00-де қалалық әкімдік алаңында Астана әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, Ұлттық гвардияның ұлттық үрмелі оркестрі, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үрмелі оркестрі және Омбы филармониясының үрмелі оркестрі өнерлерін паш етеді. Күннің екінші жартысында аталған…

0
0
176

Сұлу болу сырлары қандай?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

Сәнде бастысы – жарасымдылық. Адамның талғамына шектеу қоюға болмайды. Дизайнер мамандар бірнеше жыл қатарынан маңыздылығын жоймайтын,  уақытша сәнге бағынбайтын, классика болып қалатын киімдерді таңдауға кеңес береді.

Бүгінде елімізде сән әлеміндегі соңғы трендтерді барынша халыққа ұсынатын дүкендер көп-ақ. Олар қала тұрғындарының талғамын қалыптастырып та үлгерді.

Қазір жастардан бөлек, жасөспірімдер де сәнді киінгенді жөн көреді.  Сұлу болу сырлары қандай? Ажарлы әлпет пен сәнді киініп жүруді кімнен үйрене аламыз? Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

0
0
719

«Astana Pro Team» велоклубы «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады

Осы жылы 102-рет ұйымдастырылып отырылған «Тур де Франс» көпкүндігіне «Astana Pro Team» велоклубының атынан қатысатын шабандоздар тізімі белгілі болды. 4 шілде күні Нидерландының Утрехт қаласында басталатын велокөпкүндік 26 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында аяқталады. «Astana Pro Team» велоклубының атынан өнер көрсететін спортшылар: Винченцо Нибали (Италия) Ларс Бум (Нидерланды) Микеле Скарпони (Италия) Андрей Гривко (Украина) Дмитрий Груздев (Қазақстан) Льюве Вестра (Нидерланды) Танел Кангерт (Эстония) Якоб Фульсанг (Дания) Рейн Таарамяэ (Эстония) Естеріңізге сала кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің былтырғы жеңімпазы «Astana Pro Team» велоклубының капитаны – Винченцо Нибали. Astana Pro Team (Астана, Қазақстан) – қазақстандық кәсіби велокоманда. UCI ProTeam дәрежесін клуб құрылғ…

0
0
414

Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді

Әнші, композитор Берік Сексенбекұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Жуырда «Астана» әніне бейнебаян түсірген әнші: «Бейнебаянның сөзін жазған – Таңшолпан Абайқызы, әні – өзімдікі», - дейді. Берік Сексенбекұлы қазір «Мәңгілік ел» атты әнді жазып бітіріпті. «Одан басқа да әндер бар. Әндерім дені патриоттық бағытта. Алғашқыда, лирикалық әндерді де жаздым. Бірақ, Астананы көргенде ән жазбау мүмкін емес», - дейді ол. Домбырамен қатар, фагот атты аспапты шебер меңгерген Берік Сексенбекұлы әу баста бұл аспапты меңгеру ойында бомлағанын айтады. «Оқуға түсерде гитарамен ән айтамын, деп келдім. Алайда, онда мектептен алған музыкалық білім керек екен. Менде музыкалық білім болмаған соң, қабылдау комиссиясының мүшелері оқуға түсе алмайтынымды айтты. Содан…

0
0
580

Мемлекеттік Туға қойылатын талап қандай?

Егемен ел болып, етек-жеңіміз жиылып, ертеңімізге нық сеніммен қарауға медет болып, дем беретін басты факторлардың бірі – Республика рәміздері. Мемлекеттік ту, елтеңбе мен әнұран еркіндігімізді айғақтап, тәуелсіз, тұғырлы ел екенімізді паш етеді. Содан болса керек, халықтың ұлттық рәміздерімізге деген сый-құрметі айрықша, өзгеше. Осы орайда, ежелден көшпелі халықтың өмірінде үлкен маңызға ие болған байрақтың рөлін атай өту қажет. «Көк Тудың желбірегені Жаныма қуат береді...». Осы өлең жолдарынан-ақ Мемлекеттік рәміздің мән-мағынасын, оған деген құрметті байқауға болады. Ал, осы Мемлекеттік рәміздерге қойылатын талап қандай? «Әр Мемлекеттік Тудің стандарты бар. Бірінші – өлшемі. Мемлекеттік Тудың ені – 1 метр, ал, ұзындығы – 2 метр болуы керек. Екінші стандарт – матасына қарай Тудың екі тү…

0
0
950

Баланың дамуына қалай қамқорлық жасау керек?

Бүгінгі ғылым тәрбиені сәби дүниеге келмей тұрып-ақ бастап кету керек дейді. Ата-анасын қызығына бөлейтін баланың болашақта азамат болып қалыптасып, тәрбие көрген, ынталы, зерделі адамға айналуы махаббатты талап етеді. Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәттен-ақ үлкен жауапкершілік пен міндетті мойнына алған ата-анаға «Балапан» телеарнасы осы жолда көмекке келер бірқатар кеңес ұсынады. Ақпарат 2014 жылы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жариялаған «Бүлдіршін жастағы балалардың физикалық және психикалық-әлеуметтік дамуы (0-5 жас)» оқу-әдістемелік құралынан алынды. 6 айға дейін Сәби туған кезден бастап көруіне, естуіне, сезуіне, қозғалуына мүмкіндік жасаңыз. Бала ұмтылуы үшін оған үлкен, көрнекті заттар беріңіз. Сонымен қатар, зерттеуі үшін жаңа заттар ұсыныңыз. Көзіне күлімсіреп қараңыз. Сәбид…

0
0
510

«Балапан» телеарнасы ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды

«Балапан» арнасының кішкентай көрермендеріне, оларың ата-аналарына арналған хабарландыруымыз бар. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Байқауға ата-аналардың өздері жазған, бұған дейін еш жерде жарияланбаған, қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады. Ертегі жанрына ешқандай шектеу жоқ. Ең үздік ертегінің сценарийі бойынша анимациялық мультхикая түсіріледі. Сондай-ақ, жеңімпаз шығармасының кітабы шығарылады. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы. E-mail арқылы хабарласамын десеңіз: [email protected] Егер ертегі дейтін сиқырлы әлемнің шаршамайтын, жалықпайтын «тұрғыны» болсаңыз, ойыңызда қызықты сюжеті, тамаша кейіпкерлері бар хикая жүрсе, міндетті түрді байқауымызға қатысыңыз…

0
0
620

Астанада «Kazsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырылады

Осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2013 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының базасында тәулігіне 21 сағат хабар тарату көлемімен бірінші мемлекеттік «Kazsport» спорттық телеарнасы іске қосылды. Мамандырылған арна Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылған болатын. «Kazsport» бұл - «Eurosport», «Спорт 1», «Спорт+» және басқа да еуропалық және әлемдік спорттық телеарналардың деңгейінде хабар тарататын Орталық Азия аумағындағы жалғыз спорттық телеарна. Арнайы осы датаға арнап 12 шілде күні сағат 11.00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Kazsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізіледі. Топтық және жеке есептегі турнир жеңімпаздары грамоталармен, Кубоктармен және статуэткалармен марапатталады. Ест…

0
0
633