Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Сенбілік кездесуде» — Тоқтар Әубәкіров

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің біз біле бермейтін қандай сыры бар? Бүгін 21:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. 45 жасында ғарыш кеңістігін бағындырып, Жерге абыроймен оралған қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында қонақта. Зауытта токарь болып жұмыс істеп жүріп, ғарышты бағындыруға бел байлаған ұшқыш хабар барысында 7 күн ашық ғарышта болған ұмытылмас сәттерімен бөліспек. Тоқтар Әубәкіров – есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген бірден бір қазақ. Бағдарламада Т.Әубәкіровтің ең жақын араласатын достары Әкім Тарази, Марфуға Айтхожина, Ескендір және Дарико Хасанғалиевтер қаһарманның біз біле бермейтін сырларымен бөліседі. Тоқтар Әубәкіров атынд…

0
0
733

«Жайдарман». Ширек финалдық ойындар

Республикалық Жоғары лиганың ширек финалдық ойындарының қайталауын Ұлттық арнадан көріңіз. Өнер көрсеткен командалар: «Шымкент жастар құрамасы» – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы. «Тұңғыш астана» — Қызылорда қаласы. «Күлтегін» —  Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы. «Аягөз құрамасы» — Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

«Павлодар жастар құрамасы» — Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы. Бірінші топтың бәсекесін бүгін сағат 22.30-да тамашалай аласыздар.

0
1
1761

«Қазақстан би әлеміне» саяхат жасаңыз

Би – халқымыздың ауыз әдебиеті, ән-күйі, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшелігімен біте қайнасып келе жатқан мұрасы.

Би - бұл жай ғана қимыл-қозғалыстан туатын өнер емес. Сырына үңіліп, тереңіне бойласаңыз, бұл өнердің біз біле бермейтін өзіндік тылсым құпиялары мен ашылмаған сыры көп екенін байқайсыз. «Қазақстан би әлемі» хабарының мақсаты - ел болмысын, салт-дәстүр құндылығын, қыздардың сұлулығы мен жігіттердің жігерлілігін көрсететін би өнерінің көркемдігін көрермен назарына ұсыну.  Бағдарламаның әр шығарылымында қазақ билері, классикалық балет өнері, заманауи жастар және бал билерімен бірге әр ұлттың биі көрсетіледі. Сонымен бірге, әр бидің шығу тарихы баяндалып, елімізге танымал хореограф, балетмейстерлердің сұхбаты беріледі.

Бүгін 17:50-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
466

«Тағдырын іздеген екеу» мелодрамасын көріңіз

Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин – фильмнің басты кейіпкерлерін сомдайды. «Тағдырын іздеген екеу» - әйгілі мюзиклге құрылған романтикалық комедия. Фильмде Со Чжу Ву атты бойжеткен жас кезінде Үндістанда кездейсоқ кездестірген алғашқы махаббатын тағы кездестіруді армандайды.
Ким Чжон Окты  ұмыта алмай жүрген ол детектив агенттігіне баруға бел байлайды. Дәл осы уақытта Хан Чжи Юн «Сіздің алғашқы махабатыңызды тауып береміз» деген жеке агенттік ашады. Ал, Со Чжу Ву сол агенттіктің алғашқы клиенті еді.
Режиссер Чан Ю Чжонның фильмінде басты кейіпкерлерді Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин сомдайды. Қызыққа толы комедияны бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.
0
0
739

«Поэзия әлемі» хабарында — Маралтай Райымбекұлы

«Оның бір өлеңі - бір спектакль сияқты». Бұл – Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің Маралтай Райымбекұлына берген бағасы. «Поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы тиіс. Мен де өлең өлкесіне біреуді жақсы көру арқылы келдім. Әр өлеңімнің өзіндік тарихы, тағдыры бар. Жүрегімді толқытпаған дүниені жазған емеспін»,-дейді ақын. Өзі айтпақшы, «Әлемге еркелегісі келіп тұратын» ақынның шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 13:45-те «Поэзия әлемі» хабарынан біле аласыздар. Маралтай Райымбекұлы - 1969 жылы 1-мамырда дүниеге келген. Өлеңдері 1987 жылдан бастап, республикалық басылымдарда жариялана бастады. 1996 жылы «Жазушы» баспасынан «Ай-Нұр» атты тұңғыш кітабы, 1999 жылы «Ай» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің бас редакторы, 2008-2012 жылдары қас…

0
0
1869

Талғат Жақиянов: Экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді

Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов «Таңшолпанда» қонақта болды. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Талғат Жақиянов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» реформасы төңірегінде әңгіме өрбіткен ол: «100 нақты қадам» - бұл Елбасы жариялаған 5 институционалдық реформа бойынша нақты қабылданған шаралардың бірі. Осындағы 4-ші бағыт – елдің бірегейлігі мен бірлігін қалыптастыру. Бұл 5 бағыттың ішіндегі ең маңыздысы. Себебі, экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді»,-дейді. «Бірегейлік болған жерде ғана бірлік болады. Мысалы, қандай да…

0
0
758

Геннадий Головкин қатысқан ESPY байқауының «Best Fighter» аталымында Ронда Роузи жеңіске жетті

Лос-Анджелесте (АҚШ) үздік спортшыларды анықтайтын дәстүрлі ESPY байқауы аяқталды.

«Best Fighter» аталымында бокстан орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин де сынға түскен еді. Алайда, бұл байқауда АҚШ спортшысы, UFC чемпионы Ронда Роузи жеңіске жетті.

Сонымен қатар, бұл атаққа боксшылар Флойд Мейвезер, Теренс Кроуфорд пен ММА спортшысы Дональд Серроне де таласқан еді.

0
0
632

«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

Әлемге танымал жазушы Цао Сюэциннің романы желісінде түсірілген туындыны Ұлттық арнадан 3 тамыздан бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:30-да көре аласыздар. «Қызыл сарайдағы түс» - Цао Сюэциннің (1724 – 1764) ең атақты романы. Бұл - Цзя әулетінің екі буынының құлдырауын, сондай-ақ, көптеген ағайын-туыстарының тағдырын баяндайтын туынды. Қытайдың басқа романдарына қарағанда, «Түсте» жүйелі композиция бар. Бірінші романда жазушы кейіпкерлердің көңіл-күйін әр деталіне дейін суреттейді. «Қызыл сарайдағы түс» - 18 ғасырда жазылған классикалық қытай романының телевизиялық нұсқасы. Фильм атауының екі мағынасы бар. Бірі - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса, екінші мағынасы 5-ші бөлімде басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейі…

0
0
1739

Әлеуметтік желі арқылы танымалдылығы артқан арулар — «Әйел бақытында»

Сәбина Алтынбекова, Мақпал Исабекова, Бота Нұрсейітова, Луина - ғаламдық желі тұтынушыларына кеңінен танымал есімдер. Қазір «Атың шықпаса, жер өрте» деген мәтелдің маңызы шамалы. Себебі, бүгінгі технология дамыған заманда ел арасында танымал болу аса қиындық тудырмайды. Оған бірден-бір себеп – әлеуметтік желі. Түрлі фотоға түсіп, қызықты видеоңызды әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларыңызға салсаңыз жеткілікті. Санаулы секундтарда-ақ, таныстарыңыздан «лайк» жиналып, түрлі сипаттағы пікірлер ағылады. Тіпті, егер фото немесе видеоңыз ұнап жатса, әркім өз парақшасында бөлісе алады. Осыдан кейін танымалдылығыңыз арта түседі. Аз уақытта танымалдылығы артқан жандардың құпиясы неде? Мұндай жағдай адамдардың өміріне қаншалықты әсер етеді? Сәбина Алтынбекова, Мақпал Исабекова, Бота Нұрсейітова,…

0
0
554

Тағам жарнамасы қалай жасалады?

Мамандар бір минуттық ролик түсіру үшін екі күнге жуық уақыт жұмсайды. Фудстилистердің атқаратын басты жұмысы аспаздың жұмысымен бірдей болғанымен, мақсаты дәмді тағам әзірлеу емес. Фудстилист үшін астың сыртқы көрінісі ғана маңызды. Тағамдарға жасалған жарнама – бір ғана адамның еңбегі емес. Стилист, фотограф, оператор, жарық қоюшы және бастысы, фудстилистің жұмысы. Міне, бұл мамандар бір минуттық ролик түсіру үшін екі күнге жуық уақыт жұмсайды. Мысалы, жарнамадағы аскөктің ұсақ тамшылары шын мәнінде су емес, глицирин. Ол бірден құрғап кетпейді. Сондай-ақ, салатқа өң беріп, камерадан әдемі көрінеді. Ал, тауық еті шикі күйінде сыртқы пішінін жақсы сақтайды. Сондықтан, суретте әдемі көрінуі үшін тауық етін кәдімгі қызыл бояумен бояп қояды. Сондай-ақ, фудстилистер сүттің орнына құрылыста па…

0
0
964