Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Иілмеген бәйтерек – Иманжүсіп»

«Айтуға оңай...» хабары бүгін 21:05-те Иманжүсіптің өмірі мен шығармашылығына тоқталмақ. Иманжүсіп – жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал-серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Ал, Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең арнаған. Иманжүсіп – ақын, әнші. Оның «Ерейментау», «Сарымойын», «Сарыарқа», «Сейпіл Мәлік», «Әкем – Құптан», «Сарыбел» әндері ел арасында кеңінен тараған. Иманжүсіптің басқа серілерден өзгешелігі сол, ол – әрі ақын, әрі әнші, әрі палуан, өр мінезді өткір адам. Қазақтың азаттығы үшін арпалысып өткен жандардың бірі. Сатқындық пен опасыздықты, әділетсіздік пен қуғындауды да көп көрген. Сонда да қайыспай, биліктің сойылын соқп…

0
0
339

«Славян базары-2015» байқауының Гран-при иегері Димаш Құдайберген «Таңшолпанда» қонақта

Димаш Құдайберген: Әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес Байқаудан алған әсерімен бөліскен әнші: «Әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені, бұл күнді мен бала кезімнен армандадым. Жас кезімнен өзімді үлкен сахналарда елестететін едім. Арманымның жүзеге асып жатқанына Аллаға мың да шүкір. Байқаудағы қарсыластарымның барлығы да бас жүлдеге лайықты болды»,-дейді. «Байқауда негізі сахна сыртында тұрған кезде ойыңның жинақы болғаны – жеңіске әкелетін ең басты кілттің бірі дер едім. Себебі, мықты әншілер ойы шашыраңқы болғандықтан, сахнада өзін-өзі жинай алмай қалып жатады. Осы орайда моральдық тұрғыда көмектескен ұстазым Майра Тұрлыбекқызына мың алғыс. Сол кісінің берген тәлімінің, ықылас-пейілінің арқасында жеңіске жеттім». «Қарлығаш Әбдікәрімова деген апайымыз бар. Сол кісі жыл…

0
0
330

Салтанат Рақымбекова: Органикалық өндірістердің көбеюі аса маңызды

«Жасыл экономиканы қолдау мен «G-Global»-ды дамыту коалициясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, Салтанат Рақымбекова бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылықты дамытудағы бастамаларды қолдау, ауылшаруашылықты дамытудың деңгейі төңірегінде әңгіме өрбіткен Салтанат Рақымбекова: «Негізі органикалық өндірістердің көбеюі аса маңызды. Себебі, дүниежүзінде бұл бағыт қарқынды даму үстінде. Жарты ғасырдай болды 160 мемлекет органикалық тауарлар шығарып келеді. Сарапшылардың айтуынша, биыл бұл салада 90 миллиард АҚШ долларындай айналым болуы мүмкін. Сол себепті, саланы біздің елде де кеңінен дамыту керек»,-дейді. «Дүниежүзін органикалық таза өнімдерімен қамтамасыз ету – ауыл шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкерлердің болашағы. Негізі мұның…

0
0
258

Әсет Сисенов: Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңалығы көп

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері Әсет Сисенов және «Жалында» би ансамблінің мүшелері Аялы Бақытбек пен Амина Латиф бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскен Әсет Сисенов: «Бүгінде театрымызда жаңалық көп.

Биылдың өзінде 4 ірі спектакль, 2 балаларға арналған қойылым қойып, Ялтада, Бішкекте  өтетін фестивальдерге жолдама алдық. Театр жас актерлер мен режиссерлерге де толығып келеді»,-дейді. Халықаралық «BRAVISSIMO» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі-сайысында екінші орынды иеленген жас бишілер алғашқыда қобалжып, билей алмай қаламыз ба, деп жүрексінгендерін айтады.

Бірі әнші, бірі биші болғысы келетін екі өреннің «Әдемі-ай» биін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
876

1 жастан 3 жасқа дейінгі баланы қалай тамақтандыру керек?

1 жастан 3 жасқа дейінгібалалар тым тез өсетіндіктен, қозғалғыш болады. Көп энергия жоғалтады. Сондықтан сәбиге түрлі тағамдар беру керек. Бала шашалып қалмауы үшін жемістердің қабығын аршып берген жөн. Жаңғақ, жүзім, сәбіз сияқты жеміс-жидектерді беруге болмайды. Бала отбасымен бірге таңертең, түсте және кешке тамақтанады. Отбасының барлық мүшесіне арналған тағамды ішеді. Балалы отбасы рационына мынадай тағамдар кіру тиіс: - Ет, бауыр, балық, бұршақ тұқымдас дақылдар, піскен жұмыртқа; - Түрлі көкөністер, жемістер, жаңғақтар; - Сүт және сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, қатық және айран). Сәбидің порциясы 300 мл-ден аспауы тиіс (1,5 стақан). Сондай-ақ, қосымша 2 рет тамақ беру керек. Мысалы: жемістер, нан мен айран, айран, ет немесе ішек-қарын қосылған самса, қаймақ жағылған құймақ. Балаға тә…

0
0
50738

«Bala Turkvizyon» байқауына Маңғыстау облысының атынан қатысатын баланың есімі белгілі болды

Ақтауда өткен «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар әні байқауында  Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Аружан Сағынғалиева топ жарды. Енді ол  Астанада өтетін финалға Маңғыстау облысы атынан қатысады.

Аружан - 11 жаста. Вокалмен айналысқанына 3 жыл болған. Соңғы бір жыл бойы ұстазы Аида Байгеловадан М.Өскінбаев атындағы филармонияда кәсіби вокалдан сабақ алуда.

Кастингті  Кәмшат Жолдыбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова және «КешYou» тобының мүшесі Жұлдыз өткізді. Іріктеуге Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінен 8-13 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысқан.

Айта кетейік, «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар әні байқауының Атырау облысындағы Ұлттық іріктеуі 15 шілде күні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

0
0
203

«Қазақстан дауысы» жобасының үшінші тәлімгері ауысты

Медеу Арынбаевтың орнына Рүстем Нұржігіт келді. «Қазақстан дауысы» жобасының тәлімгерлері ауысты. Үшінші маусымда Медеу Арынбаевтың орнына Рүстем Нұржігіт келді. Бұл туралы «Қазақстан дауысы» жобасының директоры Кенже Жұманұлы хабарлады. Медеу Арынбаев осыған дейін екі маусымда қатысушыларға жетекшілік еткен. Мамыр айында еліміздің төрт қаласында өткен арнайы іріктеу кезеңіне де қатысқан. Айта кетейік, жобаның алғашқы маусымында көрерменнің қолдауымен Нұрлан Албанның тобындағы Шахаризат Сейдахмет жеңіп шықса, биылғы маусымда Алмас Кішкенбаевтың тобынан Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» атанды. Байқаудың ерекшелігі сол мұнда қатысушылар тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайды. Тәлімгерлер алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушының ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайды. Финалға д…

0
0
382

Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атты форум өтті

#Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атауымен форум өтті. #Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен өткен шараға 200-ден астам адам қатысты. «Спикер ретінде біз тек экономистер мен мұнайшыларды ғана емес, сонымен қатар, экологтар, ғалымдар, суретшілер, шағын және орта кәсіп иелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдерін шақырдық. Олардың әрқайсысына мұнайлы өңірдегі өздерінің жеке тәжірибесін қызықты форматта айтып беру міндеті жүктелді. Мәселен, кәсіпкерлер үшін бұл - мұнайлы экономикаға тәуелсіз жеке кәсібін дамыту, белсенді қала тұрғындары үшін - жергілікті туризмді дамыту,…

0
0
277

Маратбек Мықтыбеков: Бірінші мәселе – спортшының дайындығы

«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков «Таңшолпанда» қонақта болды. Тамыз айында Астанада дзюдодан Әлем біріншілігі өтеді. Осыған орай таңғы бағдарламада қонақта болған «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков спортшыларымыздың дайындығы төңірегінде әңгіме өрбітті. «Әлем біріншілігі Астанада өтеді деген хабар шыққаннан бастап, қызу дайындық үстіндеміз. Бүгінгі таңда 80-нен астам ел өтініш беріп үлгерді. Біздің ойымызша, жарысқа 120-130-ға жуық ел қатысады. 26 шілде күні Алматыда оқу-жаттығу дайындықтары өткізіледі. Сол кезде қай спортшы қандай салмақта сынға түсетінін жариялайтын боламыз»,-дейді Маратбек Мықтыбеков. «Будапештте өткен Гран-при жарысында екі спортшымыз «…

0
0
299

«Көңілді тапқырлар театрының» бес жылдығы аталып өтеді

Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласы Көңілді тапқырлар театрының» директоры Әділ Орынбасарұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. 6 шілде күні Елордада «Астана қаласы Көңілді тапқырлар театрының» «Көңілді Астана» атты әзіл-сықақ кеші өтті. Енді қыркүйек-қазан айларында театр 5 жылдығын атап өтпек. Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігі, репертуары төңірегінде әңгіме өрбіткен Әділ Орынбасарұлы: «2010 жылы 23 қыркүйекте театр ең алғашқы концертін берді. Бес жылдың ішінде біз 23 концерт өткіздік. Қазір осы уақыт аралығында халыққа не бердік, не алдық деген оймен есеп беру концертіне дайындық үстіндеміз»,-дейді. «Театрдың бағыты – жеке орындаушылардың өнері. Актерлерді Тұрсынбек Қабатов өзі іріктейді. Сондай-ақ, біз жыл сайын кастинг ұйымдастырамыз». «Бізде жыл сайын актерлердің жеке концертін б…

0
0
803