ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Адамның кейбір мінездері

Адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілігі мол адам деп қиналғанда, басыңызға қиын жағдай туғанда қасыңыздан табыла білетін, өзгелерден өзін жоғары санамайтын, үлкенмен де, кішімен де жақсы қарым-қатынас жасай алатын адамды айтамыз. Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді. Сайып келгенде адамгершіліктің өзі мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ойдан бастау алады.

Тазалықтың екі жағы бар, бірі – тән тазалығы, екіншісі – жан тазалығы. Тән тазалығын былай қойғанда, жаны таза адам деп ешкімге жамандық ойламайтын, бөтен ойы жоқ, ниеті ақ, пейілі кең, әр нәрсеге адалдықтың көзімен қарайтын, қиянатсыз адамды танимыз. Бұл тазалықтың ар жағында да мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жатады. Қарапайымдылықтың белгісі адамның өзін өзгелерден артық ұстамау, бәрін бірдей тең дәрежеде көру.

Ар-ұят адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Өлімнен ұят күшті» екенін терең түсінген адам қашан да өз ісіне жауап бере алады. Намысшыл, ары биік, ұятты жанды мінезсіз, жүрексіз, мейірімсіз, таза ойдан алшық деп айта алмаймыз. Кеңпейілді адам кем болмайды. Сараңдық оған тән емес. Ол бар кезде де, жоқ кезде де әрқашан сізбен бірге. Пейілге бай болу үшін мінезге, жүректегі ізгілікке, мейірім мен таза ойға да бай болу қажет. Ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұның айтқандай жаны жомарт, әрқашан адамдарға тек қана жақсылық ойлайтын, қайырымды адамның жанын да әрқашан бақыт пен бақ жүреді. Ендеше, адамды арлы да қарапайым, адамгершілік пен кеңпейілділікке бай ететін осы қасиеттер екенін бір сәт естен шығармаңыз.