Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кітап — алтын қазына

Атыраудағы Павлодарлықтардың тоғызыншы күні.

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар! Сіздермен бірге біз, «Оқжетпес» шаңырағының 11- сынып оқушылары!

Таңымыз кәдімгідей дәмді астан басталып, содан соң «Ардагер» сауда орталығына аттанумен жалғасты. Біз кинотеаторларда жаңа ғана шыққан «Трансформеры 4» атты фильмге бардық. Бұдан бұрынғы топтамалардан ерекшеленген фильм жақсы әсер қалдырды.

Фотода: Кабдрахманова Адия

Фото суретте: Кабдрахманова Адия 11-"С" сынып оқушысы

Үш сағаттық фильмнен соң Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебаб кітапханасына бардық. 1926 жылдың 15 мамырында қала бойынша уездік кітапхана болып құрылып, кітап қорында барлығы 5600 дана кітап болған. Алайда әрқашан оқырманға толы кітапхана Атырау қаласының мақтан тұтар мекеме қатарына кіреді.

Кітапхана- кітап қоры, кешені

Ерен ісстер атқарылды еселі.

Ғұламалар мұрасының мәңгі орны,

Ой еңбектің қасиетті мекені.

(Гүлжамал Дәуітқызы)

Есімі еліне қастерлі Ғабдол Сланов(1911-1969)- аударушы, «Егемен Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, жазушы болған ірі тұлға.

Осы жылы мемлекетіміз Астана күнін 16 рет тойлаған болатын. Осыған орай кітапхананың алғашқы залында арнайы «Ай дидарлы, ару қала Астана» атты сөре қойылған. Үстел үстінде Астанамызғы арналған газет- журналдар, кітаптар, мақалалар орналасқан.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

(Абай)

Сонымен қатар жаңа технологияларға сай электрондық зал бар. Жыл сайын түрлі өзекті тақырыптарға библиографиялық, әдістемелік құралдар шығарылады. Облыстық кәсіби семинарлар, кітапханашылардың мамандығын жетілдірудің облыстық курстары өткізіледі. Аты тарихта мәңгіге қалған қазақтың дарынды қызы- Фариза Оңғарсынова жайлы қосымша мәлімет алу ретінде «Жыр- ғұмыры» сайты да әрқашан сіздің қол астынызда. Тек қана өмірбаянын оқымай- ақ, сайт бетінде шығармаларын, суреттерін және ол жайлы бейнебаяндарды табу қиындық туғызбайды. Төменде көрсетілген сілтеме арқылы сайтқа көшуге болады:

http://zhir-gumir.blogspot.com/

Бүгінгі күн сапарымыздың соңғы күні. «Туған елге тағзым» атты бағдарламамен шілденің бірі күні келіп, ертең Павлодар қаласына жолға шығамыз. Осындай сапарға мүмкіндік берген "Назарбаев Зияткерлік Мектеп" фелиалына алғысымызды білдіреміз. Сапарымыз қызықты, әрі танымды өтті. Туған еліміздің, жеріміздің мұнай өлкесі болып саналатын Атырау қаласының түпкір- түпкір жерлерін аралап, өзімізге көптеген жаңа нәрселер түртіп алдық. Сонымен қатар сапар басқа қалаларда орналасқан Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің оқушыларымен танысуға көмек беріп, біздің достығымызға себепкер болды. Жалпы он күннің ішінде алған барлық әсеріміз мәңгілік.

Назарларыңыз үшін рахмет!

 
0
0
2917

Осы тақырып бойынша